Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 29 Мамыр, 2023

Президент қағаз өнімдерін шығаратын фабрикаға барды

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «РимҚазАгро» ЖШС-нің қағаз өнімдерін шығаратын фабриканың жұмысымен танысты, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Өндіріс орнын аралап көрген Қасым-Жомарт Тоқаевқа фабрика жұмысының алғашқы нәтижесі туралы баяндалды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жобаны субсидиялауға қаржы бөлінген.

Қағаз өнімдері фабрикасы – көпсалалы «Радуга» компаниясына қарасты кәсіпорындардың бірі ғана.  Қазіргі кезде өңір халқын жыл он екі ай көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін жылыжай құрылысы жүріп жатыр.  

Президент елімізде «қарапайым заттар экономикасын» дамытуға және халық тұтынатын тауарлар түрлерін кеңейтуге ерекше мән берілетінін атап өтіп, кәсіпорын басшылығына сәттілік тіледі.

t.me/aqorda_resmi

428 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз