Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 31 Мамыр, 2023

20-21 маусымда Астанада Халықаралық волонтерлер форумы өтеді

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі волонтерлермен кездесті. Бұл туралы министрліктің Баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесу барысында министр 20-21 маусымда Астанада өтетін, Халықаралық волонтерлер форумына дайындық барысын айтып өтті. Сондай-ақ, кездесуде форумға қатысушы өңірлік волонтерлерді іріктеу конкурсының қорытындысы айтылды.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен волонтерлердің республикалық фронт-офисі қатысатын өңірлік волонтерлерді анықтады.

Форумға әр облыстан 4 волонтер қатысады: олар белсенді волонтерлер, волонтерлік жобалардың үйлестірушілері, волонтерлік ұйымдардың жетекшілері және бастамашыл топтар.

Форумды ұйымдастыру штабы жақын арада жеңімпаздармен байланысады. Барлық қатысушылар қатысуды растауы керек, қатысудан бас тартқан жағдайда шақыру ең жоғары ұпай жинаған келесі қатысушыға жіберіледі.

Еске сала кетейік, бұл Форум волонтерлер мен волонтерлік ұйымдар үшін қазақстандық және халықаралық тәжірибені таныстыруға, сондай-ақ волонтерлік қызметті дамыту мен қолдауда жаңа тәсілдер мен идеяларды әзірлеуге арналған ірі халықаралық шара.

Форумның басты мақсаты – Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың БҰҰ-ның сессиясында Халықаралық волонтерлерді жұмылдыру жөніндегі бастамаларын ілгерілету.

Қосымша ақпаратты Форумның ivfkz.org ресми сайтынан немесе Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларынан ала аласыз:

ivfkz.org | instagram/international_volunteer_forum |

facebook/ Ivf Astana.

Фото: facebook.com

347 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз