Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 31 Мамыр, 2023

Алматының құтқарушылары офицер-десантшыларды оқытты

Алматы қаласы ТЖ Департаментінің базасында ҚР ҚК ҚӘ Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басқару қызметтерінің офицерлері үшін азаматтық қорғау саласында сабақ өткізіді. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы хабарлады. 

Сабақ шеңберінде ТЖД қызметкерлері офицерлерге жер сілкінісіне дейінгі, жер сілкінісі кезінде және одан кейінгі іс-қимылдарды, ТЖ жағдайындағы дабыл шабаданын жинақтаужәйлі егжей-тегжейлі түсіндірді, сондай-ақ ТЖ кезінде зардап шеккен халықты қабылдау пункттері туралы ақпаратты жеткізді, олар Алматы ҚЖА 2 платформасында, ТЖД ресми сайттарында және Алматы қаласы аудан әкімдіктерінде орналастырылған.

ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары өз кезегінде әртүрлі төтенше жағдайларда адамдарды іздеу және құтқару кезінде қолданылатын құтқару құралдарымен және авариялық-құтқару құралдарымен таныстырды. Сонымен қатар, РЖҚЖ құтқарушылары Түркия Республикасында зардап шеккендерді құтқару тәжірибесімен бөлісті.

ҚР ҚК ҚӘ қолбасшысы басқармасының инженерлік қызметінің бастығы полковник Руслан Файзуллин ТЖД қызметкерлері мен РЖҚЖ құтқарушыларына өзара іс-қимыл және танымдық сабақтары үшін алғыс айтты.

Бекіту үшін әрбір офицерге300 данаданастам көлемінде «Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам», «Құрылымдық емес сейсмикалық күшейту» және «Дабыл чемоданын жинақтау» жадынамалары табыс етілді.

Фото:gov.kz

156 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз