Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 15 Маусым, 2023

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 12% көбейді

2023 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 8 999,5 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 12% көбейді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.

2023 жылғы қаңтар-сәуірде тауарлар экспорты 3 536,1 млн. АҚШ доллары (47% көп), импорт – 5 463,4 млн. АҚШ доллары (3% аз) деңгейінде қалыптасты.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,2%, бұдан әрі Қырғызстанға – 4,5%, Беларусқа – 3,2%, Арменияға 0,1% келеді.

ЕАЭО елдерімен эскпорттағы ең жоғары үлес машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттарға тиесілі – 28,2%, одан кейін химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері – 26,7%.

ЕАЭО елдерінен Қазақстанға әкелінетін импорт құрылымында мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары басым – 20,5%, металдар мен олардан жасалған бұйымдар үлесі – 18,6%, сондай-ақ машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар бойынша – 17,4%.

1036 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз