Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 21 Маусым, 2023

Қазақстанда орташа зейнетақы қанша?

2023 жылғы 1 маусымдағы мәлімет бойынша, Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері 120 743 теңге болды.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 374,1 млрд теңге қаржы зейнетақы төлеуге бөлінді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 421,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 952,2 млрд теңге.

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша елімізде 2 млн 299 мың адам зейнеткер бар.

"2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 743 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 881 теңге, базалық зейнетақы – 37 862 теңге", делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан ақпаратта.

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 686 теңге болған еді.

858 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз