- Безбен
- 15 Қыркүйек, 2023
Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,8% құрады
2023 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістің индексі (бұдан әрі – ӨӨИ) 103,8% құрады, - деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 4,3%, өңдеу өнеркәсібінде – 3,1%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 5,4%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 5,5% байқалады.
Өңірлер арасында едәуір өсу Ақмола, Алматы, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында белгіленді.
Есепті кезеңдегі өнеркәсіп жұмысының негізгі көрсеткіштері
2023 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өнімдері 29952,3 млрд. теңгеге өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында – 13958,7 млрд.теңгеге (жалпы көлемнен 46,6%), өңдеуде – 14042,9 млрд. теңгеге (46,9%).
Өнеркәсіптік өндіріс индексі
өткен жылғы сәйкес кезеңге пайызбен
Қызмет түрлері бойынша өнеркәсіптік өндірістің индекстері
Пайызбен
2023 жылғы қаңтар-шілде 2022 жылғы қаңтар-шілдеге | 2023 жылғы тамыз | 2023 жылғы қаңтар-тамыз 2022 жылғы қаңтар-тамызға | ||
---|---|---|---|---|
2023 жылғы шілдеге | 2022 жылғы тамызға | |||
Өнеркәсіп | 103,6 | 101,9 | 105,4 | 103,8 |
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 103,8 | 97,1 | 108,0 | 104,3 |
Өңдеу өнеркәсібі | 103,0 | 107,1 | 103,4 | 103,1 |
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау | 106,3 | 91,8 | 99,1 | 105,4 |
Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет | 106,2 | 104,3 | 100,6 | 105,5 |
Шикі мұнайды (106,6%), табиғи газды (103,2%), темірді қоспағанда, кендерді (101,2%), өзге де пайдалы қазбаларды (113,6%) өндіру салаларының артуына байланысты 2023 жылғы қаңтар-тамызда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда ӨӨИ 104,3% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде есепті кезеңде 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда ӨӨИ 103,1%-ды құрады. Өсу тамақ өнімдерінде – 4%, сусындар – 5,4%, химия өнеркәсібінің өнімдері – 3,1%, резеңке және пластмасс бұйымдары – 7,5%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 6,4%, машина жасауда 28,1% белгіленді.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда өндіріс көлемі құбыржолдар бойынша газды тәрізді отын өндіру және тарату көлемдерінің 19,2%, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен қамтамасыз ету 6,9% артуы есебінен ӨӨИ 105,4% құрады.
Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 2023 жылғы қаңтар-тамызда ӨӨИ 105,5% құрады. Суды жинау, өңдеу және тарату көлемдері 9,4% артты.
Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 13 өңірінде тіркелді, төмендеу Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Павлодар облыстарында және Астана қаласында белгіленді.
Өнеркәсіптік өндірістің индексі
өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен, өсуі +, төмендеуі -
6848 рет
көрсетілді0
пікір