Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 15 Желтоқсан, 2023

«Қазақстан аруы – 2023» байқауының жеңімпазы белгілі болды

Алматыда «Қазақстан аруы – 2023» ұлттық сұлулық байқауының финалы өтті. Байқауда бас жүлдені 21 жастағы Сабина Ыдырысова жеңіп алып, осы жылдың «Қазақстан аруы» атанды, деп хабарлайды kazgazeta.kz тілшісі. 

Биылғы байқау экологияны қорғауға шақыратын «Болашақты аяла» - «Защити будущее» ұранымен өтті. Шараның финалдық кезеңіне кастингтерден және жартылай финалдың нәтижесінде іріктеліп шыққан 25 қыз қатысты. Олардың арасында өңірлік іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары да болды. Конкурсқа жалпы 17 мыңнан астам қазақстандық өтінім берген. Шара Алматыдағы Республика сарайында өтті. 

Байқауға қатысушы аруларға келесідей негізгі талаптар қойылды: жастары 18-25 арасында болуы, бойлары 165 см-ден кем болмауы, ҚР азаматы, тұрмыс құрмаған әрі балалы болмауы тиіс.Байқауға баға беретін әділқазылар құрамында: «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының президенті Айдай Исаева, «Қазақстан аруы – 2022» байқауының жеңімпазы Томирис Какимова, спортшы әрі актер Еркебұлан Тоқтар, блогер, актриса Жания Джуринская, қырғыз дизайнері Арзубек Вонама, кәсіби модель Анжела Пересыпкина болды.

Финалдық кезең бірнеше байқаудан тұрды. Қатысушылар түрлі киімдер мен бейнелерде жеке және топтық дефиле көрсетті, кейін сұрақтарға жауап берді. Әділқазылар алдымен 25 қатысушының ішінен топ-12 қызды анықтады, осыдан кейін ең үздік 5 қызды анықтады.

Қазылар алқасы ақтық сынға өткен аруларды рет-ретімен  марапаттады:

"Көрермен дауысына ие болған ару-2023" - Аделлина Балғымбаева.

"Қазақстан вице-аруы-2023" атағын Ботагөз Нұржігітова алды.

"Қазақстан Жер аруы-2023" атағына Аяулым Әлімхалиева лайық болды."Қазақстан әлем аруы-2023" - Мадина Әлмұханова.

Сабина Ыдырысова "Қазақстан аруы-2023" атанды. Байқау жеңімпазы "Әлем аруы" атағы үшін бақ сынайды. 

​​​​​​​"Қазақстан аруы-2023" жеңімпазына 5 миллион теңге ақшалай сыйлық пен халықаралық деңгейдегі конкурстарға қатысу мүмкіндігінен бөлек, «Тұран» университетінде грантта білім алу құқығы, конкурстың эксклюзивті сыйлығы бьюти-бокс сыйға берілді.

Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы

 

5621 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз