Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Қаңтар, 2024

Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа өтінімдер қабылдау басталды

Қазақстан Республикасының 2024 жылғы Абай атындағы әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығына байқау жарияланды. Өтініштер мен жұмыстарды қабылдау 1 наурызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі. 

Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық Қазақстан мәдениетінің дамуына ерекше құнды үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы көрнекті еңбектері үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдіктерге беріледі.

Шартқа сәйкес, сыйлыққа жұмыстарды ұсынуды мемлекеттік органдар, шығармашылық одақтар мен топтар жүзеге асырады. Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа жұмыстарды қабылдау аяқталғанға дейін бес жылдан аспайтын уақытта және кемінде бір жыл бұрын (2024 жылдың 1 наурызына дейін) көпшілік айналым үшін орындалған бір автордың немесе авторлар ұжымының жұмыстары (бір жұмыс) ұсыныла алады.

Байқауға қатысу ережелерімен және жұмыстарды тіркеу үшін қажетті құжаттар тізбесімен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайтынан танысуға болады.

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

232 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз