Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Қаңтар, 2024

Ақмола облысында боранды күнде жолда қалған жолаушылар пойызбен тасымалданатын болды

Боранды күнде жолда қалған адамдар пойызбен тасымалданады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

«Күннің күрт бұзылуына байланысты Ақмола облысының тас жолында көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды. Осыған байланысты, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-сы жолда қалған азаматтарды пойызбен тасымалдау туралы шешім қабылдады. Мәселен, Қарағандыдан елордаға №43 «Алматы-Қостанай», №53 «Достық-Астана», №121 «Семей–Астана» және №45 «Түркістан–Астана» бағытындағы пойызбен кетуге болады», - делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, Ақмола облысы Ерейментау ауданынан елордаға дейін №7501 «Павлодар–Астана» қала маңы электр пойызына жолаушыларды отырғызу қамтамасыз етіледі.

«Жолаушыларға қажетті көмек көрсетілуде. Сондай-ақ пойыз билеттерін bilet.railways.kz сайтынан және кассалардан сатып алуға болады. Пойыздардың қозғалыс кестесі мен басқа да ақпаратты «1433» (тегін қоңырау шалу) нөмірі, «KTZH_PP_BOT» Телеграмм боты, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы алуға болады», - дейді ведомстводан.

Фото: ҚТЖ

223 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз