Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Қаңтар, 2024

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды – ІІМ

Ішкі істер министрлігі Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Астана қалалық полиция департаменті С.Нүкенованы өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады», - деп мәлім етті министрліктен.

Сонымен қатар ведомство «Гастроорталық» директорына қатысты қылмыстық істі тергеу жұмыстарының аяқталғанын атап өтті.

«Тараптар қылмыстық іс материалдарымен таныса бастады», - деп нақтылады ведомстводан.

Еске салайық, биылғы 9 қарашада Астанадағы Бау мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

Фото: Instagram/aitym

229 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз