Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 12 Қаңтар, 2024

Оқушылар робототехника чемпионатында жеңіске жетті

Алматылық оқушылар робототехника бойынша халықаралық жарыста үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Kazgazeta.kz.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, робототехника бойынша FIRST Tech Challenge ашық ойындар Индонезияның Депок қаласында өтті. Жарысқа жиыны 5 мемлекеттен 30 команда қатысты. Біздің елдің намысын қорғауға Алматы қаласынан «124» атты команда аттанған еді.

9-11 сынып оқушыларынан құрылған «124» командасының құрамында: Алдияр Жұмаділ, Илияс Әуезхан, Әлімжан Раев, Гауһар Жанас, Лаура Тоқтағали – №124 ЖББМ, Айханым Шамшадин, Арай Ержанқызы, Әлрахат Ұмытхан, Мерас Медғат – №81 мектеп-гимназия, Томирис Оңғарбек – №206 мектеп-гимназия, Әсел Үмбет – №178 лицей, Мира Демеуғалиева – №200 мектеп-гимназиясының оқушылары болды.

«Алматылық оқушылар бірнеше күн бойы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген 150 жас робототехника жасаушылармен бәсекеге түсті. Нәтижесінде ел құрамасының қоржыны 7 жүлдемен толықты», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алматылық оқушылар төмендегідей нәтижеге ие болды. 
«124» командасы:
1 орын - Control award;
3 орын - Think Award;
3 орын - Connect Award.

«Индонезияда өткен чемпионатқа жолдаманы алматылық оқушылар 2023 жылдың желтоқсан айында Оқу-ағарту министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен USTEM Foundation Қоғамдық Қоры ұйымдастырған Almaty Tech Cup республикалық турнирінде жеңіп алған болатын», - деп хабарлады әкімдікте.

208 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз