Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 24 Қаңтар, 2024

Сенатта ЕАЭО-ның кедендік шекарасын материалдық-техникалық жарақтандыру туралы заң талқыланды

Бүгін сенаторлар Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың, оның ішінде Қазақстанның кедендік шекарасындағы өткізу пункттерін жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандыруды қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Қаралған заңда Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды қолдануы жөніндегі шарттар мен өтпелі ережелер туралы Хаттамаға өзгерістер енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау көзделіп отыр.

Хаттаманы ратификациялау Еуразиялық экономикалық одақтың толық сипатты интеграциялық бірлестік ретінде жан-жақты дамуы мен нығаюын қамтамасыз етуге, ЕАЭО-ның қолданыстағы құқығындағы олқылықтарды жоюға мүмкіндік береді және біздің елімізге әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдары болмайды.

Сенаторлар комитеттің кеңейтілген отырыстағы қорытынды бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

363 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз