Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 24 Қаңтар, 2024

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Тәжікстанға ресми сапармен келді

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Тәжікстанға ресми сапармен келді, - деп хабарлайды kazgazeta.kz СІМ бас
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Тәжікстан Республикасына ресми сапармен келді.
Душанбе халықаралық әуежайында Қазақстан СІМ басшысын Тәжікстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Фаррух Шарифзода және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Сапар бағдарламасына сәйкес М.Нұртілеу Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен келіссөздер және жетекші тәжік кәсіпорындары мен компанияларының өкілдерімен кездесу өткізеді.
ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Душанбе алаңындағы Исмоили Сомони ескерткішіне және Абдулкосим Фирдоуси атындағы саябақтағы Тәжікстандағы қазақстандық бітімгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысады.
Сапар аясында ҚР Сыртқы істер министрі М.Нұртілеуді Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қабылдайды.
 

Фото: @PressMFAKZ

413 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз