Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 27 Қаңтар, 2024

Қазақстан мен Тәжікстан банк саласындағы ынтымақтастық туралы келісті

​​Қазақстан мен Тәжікстан банк саласындағы ынтымақтастық туралы келісті, - деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Ориенбонк» ААҚ Басқарма төрағасы Хасан Асадуллозодамен кездесті.
Кездесу барысында сауда-экономикалық операцияларды жүргізу кезінде банкаралық есеп айырысуларды ұйымдастыру, Қазақстанның банк операцияларын цифрландыру саласындағы тәжірибесін зерделеу және т.б. салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен жобаларды, сондай-ақ басқа да перспективалы жобаларды қаржыландыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.

647 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз