Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 13 Ақпан, 2024

Қазақстанда Саха республикасының күндері өтеді

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Саха Республикасының Мәдениет және рухани даму министрі Афанасий Ноевпен кездесті, -  деп хабарлайды kazgazeta.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында екі ел арасындағы мәдени бірлестікті нығайтуға ықпал ететін ынтымақтастықты дамытудың түрлі аспектілері талқыланды.

Атап айтқанда, тараптар 2024 жылдың сәуір айында Қазақстанда Саха республикасының күндері аясында өтетін іс-шараларды талқылады. Іс-шаралар Астана мен Алматыда ұйымдастырылатын болады.

17 сәуірден бастап елорда тұрғындары мен қонақтары «Якутия қазынасы» көрмесінде көрсетілетін Якутияның бірегей мәдени мұрасымен таныса алады.

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік ұлттық қазақ музыкалық драма театрының камералық залында «Якутия виртуоздары» скрипкашылар ансамблінің концерті, «Ньургун Боотур» Олонхо операсы, Максим Горький атындағы орыс драма театрының залында «Кыыс Дэбилийэ» Олонхо спектаклі жоспарланған.

Сондай-ақ, Алматыдағы мемлекеттік театр залдарында да концерттер мен спектакльдер ұйымдастырылады.

666 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз