Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 06 Наурыз, 2024

СҚО-да қарда жүретін көлік жүргізушісі құтқарылды

СҚО-да қарда жүретін көлік жүргізушісі құтқарылды, - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
5 наурыз күні кешке Ақжар ауданы Ақбұлақ ауылынан 20 шақырым жерде далада қарда жүретін көлік бұзылды. Жүргізуші құтқару қызметіне жүгінді.

Құтқарушылар 1,5 сағат бойы іздеу шараларын жүргізіп, қарда жүретін көлікті тапты. 1985 жылы туған жүргізуші Туғыржап ауылындағы үйіне жеткізілді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.
Құтқарылған адам Ақжар ауданының құтқарушыларына – № 8 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Аслан Амантаевқа және Ақжар ауданының ТЖ бөлімінің аға инженері Нұрсұлтан Молдабаевқа шын жүректен алғысын білдірді.


Фото: t.me/qr_tjm

263 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз