Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 15 Наурыз, 2024

Астанада ауладан шыға алмаған жүргізуші шлагбаумды бұзған

Астана қаласында ауладан шыға алмаған жүргізуші шлагбаумды бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сарыарқа даңғылындағы үйдің жанында болған оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрларда жүргізушілердің екі көліктен қалай шыққанын көруге болады, олардың біреуі шлагбаумды жоғары қарай күшпен көтерген, осылайша оны зақымдап, материалдық шығын келтірген.
33 жастағы жүргізуші мүлікті қасақана бүлдіру фактісі бойынша 15 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жауапқа тартылды. Айта кетейік, Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, пікір көшбасшылары, қала тұрғындары қолдау білдірген «Тоқта, вандал» акциясы өтіп жатыр.
Акция аясында қалада күндіз және түнде рейдтер өткізіледі, тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау және қала мүлкіне ұқыпты қарау қажеттілігі туралы түсіндіру жүргізіледі.

142 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз