Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 15 Наурыз, 2024

ШҚУ-да ауа сапасын бағалауға арналған жоба әзірленуде

С. Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры, т.ғ.к. Мұратқан Мадияров SAAS-сервис инновациялық жобасын әзірлеуде. Жоба – Бөлшек-стохастикалық теңдеулер негізінде жер бедерін ескере отырып, атмосферадағы зиянды заттар қоспаларының таралуын зерттеуге арналған.

Әзірлеме ластану және олардың ауадағы концентрациясы туралы мәліметтері бар заманауи ақпараттық база. Базаны пайдаланушылар интерактивті картографиялық веб-интерфейсте және мобильді қосымшада қажет ақпаратты біле алады.

«Қазақстанда адам денсаулығына кері әсер ететін атмосфераға шығарылған лас заттардың жоғары көлемі сақталуда. Біздің сервистің арқасында экологиялық қауіпсіздік саласындағы мамандар қалалардағы ауа сапасын болжап, халықты дер уақытта хабардар ете алады», - деді Мұратқан Мадияров.

Сонымен қатар, жоба ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен көліктер шығаратын зиянды заттардың мониторингін де ұсынады.

«Зерттеуімізде математикалық модельдеу әдістерін, соңғы элементтер әдісін, параллельді есептеулер теориясы т.б. қолданамыз. Бұл ғылыми жобаның біздің елімізде баламасы жоқ», - дейді ғалым.

Бүгінгі таңда ЖОО зерттеушілері негізгі маркерлік заттар бойынша атмосфералық ауаның ахуал базасын құрды. Болашақта зиянды қоспалардың шашырау заңдылықтарын бағалау және болжау жоспарлануда.

Фото:gov.kz

199 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз