- Айна
- 18 Наурыз, 2024
Астанада бір қабатты қойма үй-жайы өртенді
Сағат 07.20-да Астана қаласы ТЖД бөлімшелері Байқоңыр ауданында орын алған өрт орнына шықты. Өрт сөндірушілердің келіп жетуі бойынша 1000 ш.м. алдын ала алаңда отпен толық оранған бір қабатты қойма үй-жайы жанып жатқаны анықталды.
Өрт кезінде ғимараттың алдыңғы қабырғасы мен шатыры құлады. Оқиға орнында үш жауынгерлік учаске құрылды.
Өрт сөндіру жұмыстарына жеке құрамның 70-ке жуық адамы, 15 техника жұмылдырылды.
Өрт сағат 09:16-да оқшауланды.
162 рет
көрсетілді0
пікір