Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 18 Наурыз, 2024

Қазақстандықтар МӘМС-ті әділдік қағидаты бойынша төлейтін болады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды төлеуде әділдікке қол жеткізу мақсатында салық төлеушілердің барлық топтары бірдей тиімді мөлшерлемелер бойынша жарналарды төлейтін нақты жалпақ шкалаға көшу ұсынылады, - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Табысы төмен адамдар ауқатты азаматтардан артық төлемеуі керек, деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі.

Ұсынылған шаралардың нәтижесінде халықтың қалта немесе жеке шығыстарының төмендеуі, сақтандырылған азаматтардың алдын ала төленген сапалы медициналық көмек алу құқықтарын қорғау күтілуде.

Сондай-ақ, бұл жаңалық медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығы және денсаулық сақтауды қаржыландырудың сақтандыру моделіне көшу мәселелерін біртіндеп шешуге мүмкіндік береді.

157 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз