Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 18 Наурыз, 2024

МӘМС жарнасындағы өзгерістер белгілі болды

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елімізде МӘМС жарнасын төлеуде болатын өзгерістерге түсінік берді.

«Адам 100 мың теңге немесе 150 мың теңге және 850 мың теңгеге дейін жалақы алса, бұл сомадан 2 пайызы ұсталып келеді. Егер адам 850 мың теңгеден жоғары, айталық 1,5 миллион теңге жалақы алса, сақтандыру мөлшерлемесі аясында тек 850 мың теңгеге ғана жарна тиісті деңгейде төленіп жатыр. Енді әркім жалақысының мөлшеріне қарамастан 2 пайыз төлейтін болады», — деді Ақмарал Әлназарова Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып. 

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы бұл қазақстандықтардың көпшілігіне әсер етпейтінін, өйткені мұндай жоғары жалақы алатындар халықтың шамамен 10 пайызын ғана құрайтынын айтты.

«Бұл норма бекітілсе, халықтың 90 пайызы үшін ештеңе өзгермейді. Бұл норма негізінен ең төменгі 10 жалақыдан жоғары немесе 850 мың теңгеден жоғары жалақы алатын адамдарға қатысты болады», - деді министр.

Фото: ашық дереккөз

137 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз