- Безбен
- 19 Наурыз, 2024
Қарағанды облысында әскери оқу-жаттығу өтіп жатыр

Қарағанды облысында екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде. Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы Думан Жұмашұлының хабарлауынша, оған «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау мақсатында бөлімшелер Қарағанды облысына әр түрлі тәсілмен жетіп, шоғырлану ауданына марш жасады.
Жаттығу шартты түрде алға жылжып келе жатқан және қорғанушы әскери топтардың қарсы әрекеттеріне негізделген.
– Екіжақты командалық-штабтық оқу-жаттығу түрлі жауынгерлік іс-қимыл барысындағы бөлімшелердің үйлесімділігін қалыптастыру тұрғысынан командирлер мен жеке құрамды даярлауды барынша толық қамтамасыз етеді, – деді «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Ержан Ыбыраев.
Оқу-жаттығуға мыңнан астам әскери қызметші қатысып, 150-ден астам техника жұмылдырылды.
Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес өткізілетін командалық-штабтық оқу-жаттығу бүгін аяқталады.
Фото: Думан Жұмашұлы

395 рет
көрсетілді0
пікір