Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Наурыз, 2024

Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты облыстың төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялады.

Алматы облысы ТЖД-ның мәліметінше, Алматы облысының тауларында 26-28 наурыз күндері қар көшкіні жүру қаупі сақталады.

ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шарасын сақтауға шақырды.

Айту керек, Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.

Еске салайық, Алматыдағы «Pioneer» тау шаңғы курортының маңында қар көшкіні жүргенін хабарлағанбыз. 

Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы маңында көшкін қаупінің жоғары деңгейін жариялады. Осыған байланысты көшкін қаупі бар аймаққа кіруді шектеу үшін Үлкен Алматы өзенінің бассейніндегі Аюсайда (визит орталығы), Кіші Алматы өзені тұсындағы «Эдельвейсте» және Шымбұлақта блокбекеттер қойылды. 

Фото: ашық дереккөз

191 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз