Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Наурыз, 2024

Ұлытау облысында жұттан қырылған жылқылардың өлекселері жиналып жатыр

Жаңаарқа ауданында мал өлекселерін тазалау жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Жаңаарқа әкімдігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта әр ауылдық округтің әкімдіктері мен шаруа қожалық иелері және ауыл белсенділері біріккен арнайы жұмысшы топ құрылған.
Бүгінгі таңда жиналған өлексе саны – 1367. Далада табылған жылқылардың иелерін және өлген мал басының санын анықтау жұмыстары әлі де жалғасады. Ветеринариялық-санитариялық қорытындыға сәйкес, жылқы малының індеттен емес, аштық пен қатты аяздың салдарынан өлгені нақтыланды.
Айта кетейік, жылқы малы толық жеке меншік иелігінде. Сондықтан, оларды арнайы базаға тіркеу, жем-шөп қорын даярлау, олардың бағылуын ұйымдастыру сияқты жұмыстар мемлекеттік орган құзыретіне кірмейді. Жем-шөп шығынын қайтару үшін мемлекет тарапынан берілетін субсидияға да әркім арнайы жүйеге (базаға) кіріп, электронды қол қою арқылы, жергілікті әкімдіктің қатысуынсыз сұраныс бере алады.
Осы уақытқа дейін де хабарлағанымыздай, келеңсіз жағдай орын алысымен тиісті жұмыстар жүргізу мақсатында арнайы аудандық штаб құрылып, тиісті мекемелер, кент, ауылдық округ әкімдері мен кәсіпорындар және кәсіпкерлер бірлескен шараларды дереу қолға алған. Шығынға ұшыраған мал санын анықтау, шаруа қожалықтарына жылқыларды тиісті орындарға жеткізіп алу үшін материалдық-техникалық көмек көрсету, жем-шөп бағасын тұрақты ұстап тұру жұмыстары атқарылды.

229 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз