Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Наурыз, 2024

Астанада Chapter Zero Kazakhstan бастамасының ресми ашылу салтанаты өтті

Астанада Chapter Zero Kazakhstan бастамасының ресми ашылу салтанаты өтті. Әлемнің 72 елін қамтитын жаһандық желінің 31-филиалы Қазақстанда іске қосылды.

Chapter Zero Kazakhstan - корпоративтік басқару және энергияға ауысу саласындағы үздік тәжірибелермен алмасу мүмкіндігін ұсына отырып, бизнес басшыларын, Директорлар кеңесінің мүшелерін, мемлекеттік органдарды, институционалдық инвесторларды, ғалымдарды және басқа да мүдделі тараптарды біріктіруге арналған негізгі платформа.

Бастама аясында INSEAD әлемнің жетекші бизнес мектебі алғаш рет Chapter Zero Kazakhstan компаниясымен бірлесіп Қазақстан және Орта Азия үшін корпоративтік басқару бағдарламасын әзірлейді. Филиал Астана Халықаралық қаржы орталығы, Еуропа қайта құру және даму банкі, McKinsey, KPMG және Назарбаев Университеті секілді серіктестермен ынтымақтастықта жұмыс істейді.

«ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек: «INSEAD Business School секілді жетекші білім беру мекемелерімен әріптестік орнату алдыңғы қатарлы білім бағдарламалары мен ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Chapter Zero Kazakhstan жобасының қолға алынуы - елімізде білім беру, корпоративтік басқару салаларын дамытуда маңызды қадам», - деп атап өтті.

Chapter Zero Kazakhstan-ның ашылуына арналған іс-шарада климаттың өзгеруіне қарсы күресте корпоративтік басқарудың шешуші рөлін талқылау үшін жиналған сарапшылар бастаманың маңыздылығына тоқталды.

«Соңғы жылдары климаттың өзгеруі күллі адамзат үшін ортақ сын-қатер туғызып отыр. Өнеркәсіп, қаржы және бизнестің климаттың өзгеруін азайтуға және оған бейімделуге белсенді түрде қатысуы өте маңызды. Қазақстан орнықты болашаққа қол жеткізуді мақсат етеді және бұл бастама осы жолдағы маңызды қадам», - дейді Chapter Zero Қазақстан бастамашыларының бірі Гүлзада Шакуликова.

Фото: gov.kz

166 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз