- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 29 Наурыз, 2024
Бірқатар республикалық жолдарға шектеу енгізілді
"ҚазАвтоЖол" республикалық жолдардағы қозғалысты шектеу туралы шұғыл ақпарат таратты, - деп хабарлайды kazgazeta.kz.
2024 жылғы 29 наурызда сағат 18:30-да қар көшкініне байланысты:
- "Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Катонқарағай" тас жолының 6-166 шақырымында (Ушановское ауылы-Алтай учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.
- "Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Катонқарағай" тас жолының 420-450 шақырымында (Берел ауылы-Рахман қайнары) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.
Сонымен қатар, 2024 жылғы 29 наурызда сағат 21:00-да еріген судың тасуынан және көліктердің қозғалысына қауіп төну салдарынан:
- "Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" тас жолының 101-266 шақырымында (Нұра ауылы - Теміртау қаласы учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.
- "Қарағанды-Аягөз-Боғаз" тас жолының 17-45 шақырымында (Қарағанды қаласы - Бастау ауылы учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.
Фото: https://t.me/qazavtojol/2892
145 рет
көрсетілді0
пікір