Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 03 Сәуір, 2024

Ақтөбе облысының Әйке ауылынан 188 адам эвакуацияланды

Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері Әйке ауылынан үрлемелі қайықпен барлығы 188 адамды эвакуациялады, оның 44-і бала, - деп хабарлайды kazgazeta.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Эвакуацияланған тұрғындар Тереңсай және Т. Жүргенов ауылдарында қауіпсіз орындарға орналастырылды.
Сондай-ақ, тікұшақпен аймақтың жағдайын бақылау бойынша жұмыстар жүргізілді. Суды азайту мақсатында Тереңсай бөгетін басқа бағытқа бұру жұмыстары жүргізілді. Мотопомпаның көмегімен 4000 текше литр су сорылды.

 

Фото видеодан алынды

179 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз