Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 03 Сәуір, 2024

Абай облысында білім, өндіріс және медицина мамандары тапшы

Абай облысында білім, өндіріс және медицина мамандары тапшы, - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда Абай облысында 3 736 бос жұмыс орны ашылды. Оның 911-і тұрақты жұмыс орны болса, ал 2 825-і мемлекет субсидиялайтын уақытша жұмыс орындары.
Тұрақты жұмыс орындарына кадрларға негізгі қажеттілік келесі кәсіби салаларда кездеседі:
- Білім және тәрбие – 128;
- Өндіріс – 116;
- Медицина және фармацевтика – 100;
– Біліктілігі жоқ мамандықтар – 92;
- Көлік және логистика – 82;
- Қаржы және бухгалтерлік есеп – 54;
- Құрылыс және сәулет – 39;
– Энергетика – 38;
- Ауыл шаруашылығы – 30;
- HR және хатшылық – 23;
- Қауіпсіздік және ТЖ – 23;
- Сауда және қоймалау – 21;
- IT және телекоммуникация – 18;
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру – 16;
- Мәдениет және спорт – 14;
- Мұнай, газ, ресурстарды өндіру – 13;
- Қызметтер және сервис – 11;
- Құқықтану – 10;
- Әлеуметтік қызмет көрсету – 8;
- Тамақтану – 6;
- Ғылым және кеңес беру – 6;
- Маркетинг және БАҚ – 4;
- Өзгесалалар – 59.

Жұмысқа орналасқыңыз келсе, https://www.enbek.kz/ru/search/vacancy?region_id=10&sort=oplata сілтемесі арқылы өтуіңізге немесе 8 (7222) 36-01-99 нөміріне қоңырау шалуыңызға болады.

209 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз