Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 03 Сәуір, 2024

Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан 8 шетел азаматы қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан 8 шетел азаматы қаза тапты, деп хабарлайды Kazgazeta.kz.

3 сәуірде Самара-Шымкент автожолында Маржанбұлақ ауылының маңында Volvo жүк көлігі мен Өзбекстан Республикасы азаматының басқаруындағы Toyota-Аlhpard минивенінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан минивен жүргізушісі мен 7 жолаушысы - барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары -  оқиға орнында қаза тапты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қозғалыс кезінде жүк көлігінің дөңгелегі  жарылған және соның салдарынан жүргізуші көлікті бақылай алмай, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып, соқтығысуға жол берген.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Полиция департаменті жүргізушілерді көліктің жай-күйін бақылауда ұстауға, жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

171 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз