Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 04 Сәуір, 2024

Доссор-Құлсары автожолында көлік құралының барлық түрі үшін қозғалыс шектелді

Атырау облысы Доссор-Құлсары автомобиль жолындағы су тасқынына байланысты көлік құралының барлық түрі үшін қозғалыс шнктелді, - деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
2024 жылғы 4 сәуірде сағат 09:50 шамасында А-33 "Доссор-Құлсары" тас жолының 101 шақырымында Жем өзенінің арнасынан су тасып, жолды су алып өтті (ұзындығы 130 м, биіктігі 1-3 см).
Қазіргі таңда еріген қар суды ағызу және жол жиегі бойындағы білікті күшейту бойынша жұмыстар атқарылуда. Автожол мен жердің бұзылуына қауіп төніп тұрған жоқ. 10 адам мен 4 бірлік техника жұмылдырылды.
"Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" автожолының 4-119 шақырымында (Доссор а.-Құлсары қ. учаскесі) көлік құралының барлық түрі үшін қозғалыс шектетілді.

187 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз