Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 04 Сәуір, 2024

Үржар ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруда

Үржар ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі

Ауданда дүкен иелеріне азық-түліктің негізгі 19 түріне  белгіленген бағадан 10-15%-дан аспайтын үстеме сақтау жайлы түсіндірілді. Осы шараның аясында 169 ( оның ішінде 153 азық-түлік дүкені, 12 наубайхана, 1 диірмен, 1 сүт өңдеу орталығы және 1 шағын май тарту зауыты) өзара келісім туралы меморандумдар жасалды.

Бағаны бақылауда ұстап үйлестіру үшін аудан әкімінің өкімімен жұмыс тобы құрылып, барлық сауда дүкендеріне жауапты болып бекітілді.

2024 жылдың басынан бастап жұмыс тобы 415 мониторинг жүргізген. Нәтижесінде тек 2 заң бұзушылық анықталды. 

Сонымен қатар, картоп пен көкөністердің бағасын тұрақтандыру үшін шалғайдағы елді мекендерге уақытша тұрақтандыру қорынан қолжетімді бағамен өнім жеткізу ұйымдастырылды. Бұл өнімдер әр сенбі сайын ауылшаруашылық жәрмеңкелерінде сатылады.

Үржар ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түрін сататын 153 дүкен қызмет көрсетеді.

Фото: дереккөзден алынды

166 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз