Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 04 Сәуір, 2024

ҚазМұнайГаз құтқарушыларды жанармаймен қамтамасыз етуде

ҚазМұнайГаз елдегі су тасқыны салдарын жою үшін құтқарушыларды отынмен жедел қамтамасыз етуде. 

«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен арнайы мемлекеттік органдарына мұнай өнімдерін жеткізу бойынша «Бірыңғай оператор» функциясы аясында су тасқынынан ең көп зардап шеккен өңірлерге Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның қажеттіліктеріне сай мұнай өнімдерін үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге Атырау мұнай өңдеу зауытында жедел штаб және 150 зауыт жұмысшыларынан тұратын жұмылдыру жасағы құрылды. Олар облыс әкімдігі бекіткен аумақта су тасқынына қарсы шараларға қатысады. Бұдан бөлек, Атырау мұнай өңдеу зауыты арнайы техника, жеке қорғаныс құралдары мен өзге де құрал-саймандармен қамтамасыз ететін болады. Қажет болған жағдайда, зауыт халықты эвакуациялау үшін көлік беруге дайын.

Бүгін, 4 сәуірде, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Атырау мұнай өңдеу зауыты арқылы Жылыой ауданына 20 тонна дизель отынын жөнелтті. Сондай-ақ АМӨЗ Махамбет ауданына жанар-жағармай сақтауға арналған сыйымдылықтар мен жағалауды қорғау жұмыстары үшін қажетті құрал-жабдықтарды беріп жіберді.

ҚМГ тобының бұл және басқа да компанияларының қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға қаржы жинап жатыр.

Фото: ҚазМұнайГаз

153 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз