- Безбен
- 06 Сәуір, 2024
Төтенше жағдайлар министрі Қостанай облысына келді

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтың тапсырмасы бойынша Төтенше жағдайлар министрі Чингис Аринов таңертең Қостанай облысына келді, - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Міндеті - су тасқыны жағдайын тұрақтандыру бойынша жұмысты үйлестіру. Кеше Табол өзені деңгейінің қарқынды көтерілуіне байланысты Тобыл және Қостанай қалаларының елді мекендерін су басу қаупі туындады. Жұмыс сапары барысында ведомство басшысы облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен бірлесіп эвакуациялық пункттерді, су басқан аула учаскелерін және Қостанай ауданындағы корей көпіріндегі бөгеттерді аралады.

527 рет
көрсетілді0
пікір