Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 06 Сәуір, 2024

Маңғыстауға Құлсары қаласынан 8738 адам эвакуацияланды

Маңғыстау облысы ТЖД ақпараты бойынша, 6 сәуір күні Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласы мен елдімекендерінен Маңғыстау облысына 8738 адам эвакуацияланған.

Олар 18 уақытша орналастыру пунктінде (1160 адам, оның ішінде 501 бала) және туыстары мен таныстарының арасында (7538 адам) жеке үйлер бойынша қоныстанды.

 Облыс бойынша барлығы 201 уақытша орналастыру пункті эвакуацияланған халықты қабылдауға дайын. Пункттер 83042 адамды қабылдай алады. Маңғыстау су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысының тұрғындарын қабылдауды жалғастырып жатыр.
 

147 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз