Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 08 Сәуір, 2024

Мұнайлы әкімі құлсарылықтарды күтіп алды

Бүгін, 8 сәуір күні мыңнан аса Құлсары тұрғыны Маңғыстауға табан тіреді, – деп хабарлайды magystaumedia.kz 

Оның 492-сі арнайы пойызбен, ал қалғаны Алматы-Маңғыстау, Атырау-Маңғыстау бағытындағы пойыздармен келді. Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев су тасқынынан эвакуацияланған құлсарылықтарды күтіп алып, орналасуға көмектесті. Әкімдіктің мәліметінше, Мұнайлы ауданындағы жатақхана мен эвакуациялық орындарға орналастырылған. Басқалары өз сұранысы бойынша арнайы маршрутпен облыс орталығы мен өзге аудандарға жіберілген. Көпшілігі туыстарының үйіне кеткен. Айта кетейік, Мұнайлы ауданында 4 эвакуациялық пункт жұмыс істеп тұр. Маңғыстау ауылдық округіндегі №1, №5, №8, №11 мектептері. Қажет болған жағдайда қосымша эвакуациялық пункттер ашылады. Сондай-ақ, Мұнайлы аудандық Жастар ресурстық орталығы күнделікті сағат 09:00-00:00 аралығында гуманитарлық көмек қабылдайды. Байланыс телефоны: +7 (708) 777-70-77.

181 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз