Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Сәуір, 2024

Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағаты мен Президент мұрағаты ынтымақтастық туралы келісті

Әскери ведомство мекемесі ынтымақтастық аясын кеңейту аясында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. 

Құжатқа Қорғаныс министрлігі Орталық мұрағатының бастығы подполковник Талғат Құлжанбеков пен Президент мұрағатының директоры Әлия Мұстафина қол қойды. 

Мекемелер арасындағы келісім сақтау ресурстарын тиімді пайдалану мақсатындағы ұзақ мерзімді қатынастарды қарастырады. 

 – Біз Қазақстанның жетістіктерін кеңінен насихаттауға бағытталған міндеттерді барынша тиімді іске асыру үшін қолда бар барлық мүмкіндіктерді жұмылдыруға тиіспіз. Ақпарат алмасып, жұмыс істеу ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға да септігін тигізеді, – деді Т.Құлжанбеков. 

Меморандумға сәйкес тараптар тұрақты ақпарат алмасуды жүзеге асыруға, білім, ғылым және мәдениет мекемелерінің өкілдерімен байланыстарды кеңейтуге ниетті. Сондай-ақ, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, тақырыптық пікірталастар және мамандардың қатысуымен шеберлік сыныптарын өткізу жоспарланған.

Фото: gov.kz

152 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз