- Безбен
- 14 Сәуір, 2024
Саясат Нұрбек Атыраудағы жедел штабта ғалымдармен кездесті

Бүгін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Атырау облысына жұмыс сапары аясында төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық жедел штабта өңір ғалымдарымен кездесу өткізді.
Жайық өзені көлемінің математикалық моделдеуіне аймақтағы жоғары оқу орындарының ғылыми күші жұмылдырылып отыр. Олардың арасында тәжірибелі, математик, физик, механик, гидрогеолог, геология инженері, эколог, химик, геодезист-инженер мамандар бар. Олар Атырауда су деңгейінің көлемін күн сайын есептеп жатыр.
“Ең алдымен қазіргі уақытта келе жатқан мол ағынның келу уақыты мен көлемін болжамды есептеуіміз қажет. Бұл мақсатта Досмұхамедов ат. Атырау университеті, С.Өтебаев ат. Атырау мұнай және газ университетіне Атырау облысының ТЖ штабына тартылған ғалымдар санын көбейтуді және жедел есептеулер жүргізу үшін ғалымдарға қажет жағдайлар жасауды тапсырамын. Осындай сын сағатта ғалымдарымызға айрықша міндет жүктеледі”, - деді Саясат Нұрбек жедел штаб отырысында.

536 рет
көрсетілді0
пікір