Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 17 Сәуір, 2024

Қазақстандық балуан әлемдік рейтингте көш бастады

Еркін күрестен қазақстандық балуан Азамат Дәулетбеков Бішкекте (Қырғызстан) өткен Азия чемпионатындағы жеңісінен кейін әлемдік рейтингте көш бастады, деп хабарлайды kazgazeta.kz.

Ол финалдық белдесуде Өзбекстан өкілі Жабраил Шапиевті жеңді. 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен шешуші кездесу 5:1 есебімен қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Бұл Қазақстан үшін осы турнирдегі алғашқы алтын медаль болатын.

Осы табысының арқасында Дәулетбеков 86 келіге дейінгі салмақта 52 400 ұпай жинап, әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Осылайша ол Олимпиада чемпионы (2020) және әлемнің үш дүркін чемпионы (2018, 2022, 2023) қазіргі таңда екінші орында тұрған америкалық Дэвид Тейлорды (45 000) басып озды.

Айта кетейік, Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы (2022, 2023, 2024), сонымен қатар құрлықтық турнирдің күміс және қола жүлдегері  (2017, 2018).

430 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз