Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 17 Сәуір, 2024

Алматыда «Жас жұбайлар аллеясы» ашылды

Алматыда «Жас жұбайлар аллеясы» ашылды, - деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі.
Жетісу ауданының Құлагер шағын ауданындағы «Гүлдер» саябағында «Жас жұбайлар аллеясы» салтанатты түрде ашылды. Іс – шара «Алматы-біздің ортақ үйіміз» науқаны және Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күні аясында өтті.
Бақытты жас жұбайлар саябақта Мендельсонның маршы үнімен тіркелді, жас отбасыларға құрметті ақсақалдар бата берді. Мерекелік атмосфераны қазақстандық эстрада жұлдыздарының орындауындағы әндер барынша толықтырды.
Мұнда «Гүлдер» саябағында жас жұбайлар мен еріктілер 30-ға жуық жапырақты қарағаш көшеттерін отырғызды. Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлері қолғап, күрек және көшет дайындады.
«Күйеуім Юрий екеуміз 17 сәуірде кездестік, тіркеу күні де осы күнге түсті. Біз туыстарымызбен некені тіркеуге келдік және біздің ғашықтық одағымыздың белгісі ретінде ағаш отырғызуды ұсынған кезде ерекше әсерлі күйде болдық», - деді өз қуанышымен бөліскен алматылық Татьяна Степанова.

211 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз