Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 20 Сәуір, 2024

Ұлытау облысының 450 гектарға жуық аумағы тазартылды

Экологиялық акция барысында «Киелі мекен» апталығының сенбілігіне облыстағы әкімдіктер, мәслихат, кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлер, жалпы саны 300-ге жуық ұжым үлес қосты. Бұл туралы Ұлытау облысының әкімдігі хабарлады.

Тазалық іс-шарасына Ұлытау облысының 4048 азаматы, 122 арнайы техникасы жұмылдырылды. Нәтижесінде рұқсат етілмеген 65 полигон жойылып, қатты қалдықтарға арналған 10 контейнер орнатылды. Одан бөлек, 632 ағаштың қураған бұтақтары кесілді.

Айта кетейік, «Киелі мекен» апталығының жалпыоблыстық сенбілігінде Ұлытау облысынан 270 тонна қоқыс шығарылды.

Фото: дереккөзден алынды

273 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз