Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 23 Сәуір, 2024

1 мамырдан бастап жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

1 мамырдан бастап қосылатын "Наурыз" ипотекалық бағдарламасының шарттары белгілі болды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz.
"Бағдарлама қатысушыларына депозитті ашу мерзіміне ешқандай талап қойылмайды. Өтінім берген кезде депозитте кем дегенде 1 млн теңге болуы тиіс. Соңғы 5 жылда тұрғын үйге байланысты операциялар болмауы керек. Бағдарламаның шарттарына келсек, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сыйақы мөлшерлеме жылдық 7 пайыз, ал басқа қатысушылар үшін 9 пайыз. Бастапқы жарна мөлшері – 20 пайыз, қарыз мерзімі – 19 жылға дейін. Өтінімдерді қабылдау "Отбасы банк" онлайн платформасында биылғы 1 мамырда, келесі жылы 1 наурызда басталады. 24 маусымға дейін жалғасатын болады", – деді "Отбасы банк" төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов.

140 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз