Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 02 Мамыр, 2024

Қара сөздің қара нары

Түркі халықтарының түп-тамыры бастау алған Алтай тауының күнгейі мен теріскейін мекен еткен алты алаштың алмағайып тағдырын суреттеген, Алаш ұрпағы алақызып тұрып оқитын, том-том кітап жазған, тұлабойынан тарихтың исі аңқып тұратын, ойы телегей – тұлғасы  кемедей, кемеңгер, қайраткер жазушы марқұм Қабдеш Жұмаділовтың пәни дүниеден бақиға аттанғанына, міне, биыл үш жыл болыпты. Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің қара нары, қайталанбайтын дара тұлға, шығармаларымен, өзіндік болмысымен бүтін бір дәуірді тәрбиелеген жазушы өнегелі ғұмыр кешіп, соңына өшпес із, сарқылмас мұра қалдырды. Ол қатпар-қатпар тарихтың құпиясын ашып, анық көрсетіп, айқын жазған (айғақты) қаламгер.

«СОҢҒЫ КӨШ»

Тарихи романдар ежелден сайын Сахараның ескі салты бойынша ру араздығы, қай заманнан бері бір-бірімен анда-санда қағысып-шекісіп тұратын, артынан әбден іші іріңге толған сыздауықтай жарылуға бір ғана шертуі кем болып тұрған жағдайды суреттеумен басталатын еді, болар-болмас жанжалдың артынан сол ескі жараның аузы тырналып, сыздауықтың сар суы атылып шығатын. Кейде төскейде малы, төсекте басы қосылып жүрген қарға тамырлы қазақтың, жеме-жемге келгенде басынан сөз асырмай, аталас туысы болса да еш аянып қалмайтын сотқар мінезі ұлғая келе, ру арасына іріткі салатыны бар. Сондай жанжалдың бірі – Қанағат бидің ауылында да жоқ емес-ті. Бірақ ежелгідей жер дауы, жесір дауы сияқты емес, бұл дау – су дауы. Ұзақ өзіне сауын сиыр беріп, кәрі жездесіне қаужаң-қужаң етерлік бидай, бір қап тарыны да қоса ал дегеніне риза болған ұзақ, Әкпарға да көмегім тисін деп, егін басына су ұстауға көмекке барады. Суды бұрып алған жанжалшыл Жаппас шалдың баласы. Содан не керек, суға таласқан екі шал Жаппастың ұлы қасында жалғыз ұзақты алып-ұрып, суға әбден тұншықтырып, талдырып тастайды. Басталған даудың түп төркіні болмағанымен, себебі – осы! Соңғы көштің сюжеті – кезек-кезегімен айқын бейнеленіп, оқиғалар сабақтасып отырады. Оқырмандарды жалықтырмай, ой жетегіне ертіп, одан әрі үңіліп оқуға, өз-өзінен итермелейді. Романда тек батырлықпен көрген езгі ғана емес, махаббатта бар. Өмірдің ащысы мен тәттісін қатар алып жүрген сол заманның шынайы келбеті бұрынғыдай билер, аузы дуалы ақсақалдар екі ауыз жүйелі аталы сөз айтып, дауды тоқтататын заман емес. Ердің құнын екі-ақ сөзбен көтеретін баяғы дәурен өткен. Заманы басқа, заңы басқа!

Ұзақтың:

– Қанағат биден жан араша бола ма екен? – деген арыз-арманына:

– Менің қолымда не бар дейсің? Енді бәрін қаладағы ұлық шешеді – деген сөзінен білеміз.

Соңғы көш романы – сол заманда қазақтың байырғы мекені, бүгін жат қолында қалған алтын бесік. Алтай мен Тарбағатайдың баурайын мекен еткен елдің киелі тағдырын қоғамдық қарым-қатынасын, тыныс-тіршілігін романдағы әр кейіпкердің би мен болыстың, бай мен кедейдің, үлкенді-кішілі образдардың әрқайсын анық, айқын сомдаған. Бүкіл ел-жұрт аузына қараған Қанағат би, Нартай, Жасыбай, Шәкен, Тұрсын секілді алдыңғы толқын ағалар және солардың тәрбиесін көріп, ізін басып келе жатқан болашақ ұрпақ. Жағыпар, Нұрбек, Естай, Жолбарыстар өздеріне тән лайықты артық-кемі жоқ жағымды образдар. Романда жағымды образбен бірге, жағымсыз кейіпкерлер де баршылық. Айтарлық, Шөшік, Нұрғабыл, Қожандар – аяқтарын санап басатын, оң-солын жалмайтындар. Дайын мансап іздеген, дүниеқоңыз адамдар ретінде көрсетіледі. Олардың жан ұрып, жорғалап өзіне пайда бос мақтан беретін сыбайласы, әккі Қытайдың арам ойын ел ішінде ақырын жүргізіп жататын – Ли Хүн, Янке, Жаңжүңхулер. Қазақтың өмір-салтын, жора-жосынның тасада әбден меңгеріп, жан-жақтан хабар алып, орайы келе қалса ортаға от жағып, «Қай жығылғанның өз маңдай сорың, қай жеңгеннің менімен доссың» дегендей құйтырқы саясатын сабан астына су жүгірткендей етіп, аянбай-ақ қолданады. «Керек болса, бөліп ал да басқара бер» деген ойын қаламгер қай жағынан болсын шебер суреттейді. Роман тек ер азаматтардың ғана әңгімесі емес, әйелдердің де орны қашанда биік болғанын, бала-шаға қамы, күнделікті күйбең тірліктен тыс қасиетін көруге болады. Жұпар, Дүрия, Торғын, Зипа, Сақыпжамал, Нұрғаным, Балжан т.б. ана мен ару қыздардың бейнесі де толық баяндалған. Романда шығарма негізінен қарағанда жеке эпизодтар, қыстырма оқиғалар көп кезігеді. Роман-дилогияның композициясы арқылы Шығыс Түркістандағы мекенде отырған халықтың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі жіпке тізгендей айтылады.

Қазақ халқы ХІХ ғ. толық отарланып болды. Мәнжүрлік Циң империясымен патшалық Ресей қазақтың байтақ даласын пышақпен кескендей, ешкімнен сұрап жатпай өзара екіге бөліп алды.

«Соңғы көш»-тің тақырыптың жолын ашты. Елуден аса жыл өтсе де, қолымыздан түспей келеді. Қаншама ұрпақ, қаншама буын осы кітап арқылы рухтанды. «Соңғы көш» көшпенділік өмір Қытайда сақталды. Романда айтылған қазақтың соңғы билері, соңғы байлары, соңғы ару қыздары, зер салсаңыз, ең соңғы ұрылары да – бәрі түгелдей айтылған, көркем суреттелген. Романдағы Естай –  автордың өзі. Қанағат би, әкесі – Жұмаділ. Автор романда кейіпкерлерін әсте бұзай-шашпай сол кейіпкердің өз тілімен сөйлете білген. Сол кезде Қазақстанда ел аузында еміс-еміс айтылып жүрген Шығыс Түркістан жайында өте анық әрі ашық айтылады. Ондағы көркем образдар – олардың батырлығы, ел үшін, жер үшін жан пида еткен сол заманның қаһармандары ашық көрсетіледі.

Романның екінші томында ел аузында көп айтылмайтын Қытай үшін бүлікші Алтайдың ақиғы – Оспан батыр бейнесі жарық көреді.

«ТАҒДЫР»

Осынау толассыз қайталанып жатқан бас аяғы белгісіз тіршіліктің бір сәтке болса да тыным табатын күні болар ма екен?! Өмірде адамның еркіне бағынбайтын бір нәрсе бар. Ол – уақыт. Атқан таңнан нәсібін сұрап, батқан түннен ертеңнің ырыздығын тілеген жер бетіндегі тіршілік иесінің бәрі де өмір сүруге шексіз құмар. Бұл құмарлық – олардың табиғи сезімінен пайда болған. Бұл құштарлықты, сезімді тоқтатар ешқандай тылсым күш жоқ. Жаздың жанарынан ләззат алғысы келді. Алайда, сарғайып, сарсаңға түскен жапырақтар Жер-анасына бас игендей құшағына оралады. Бұл оралу құлазыған көшеде самал желге тербеліп, бір өмірге қош айтып, бір сабырлы ұйқыны күтетіндей. Естайда дәл жапырақ сияқты отанына оралып, сөзбен айтып жеткізгісіз тыныштықты жаны сүйіп, еркіндікке, азаттыққа қол жетті. Туған елдің ішінде еркін самғады. Жазушы Қабдеш Жұмаділовтың қаламынан туған туындылар бейне ақ жауыннан кейінгі таза ауа сияқты. Қазақ әдебиетіне соңғы леп қосты! «Тағдыр», «Дарабоз» романдарын бірінен соң бірі оқырманмен қауышып, таңдай қақтырды. Өз заманында М.Әуезовті халқы қалай сүйсе, Қ.Жұмаділовті де, солай сүйді. М.Әуезовте Абайдың тілі болса, Қ.Жұмаділовте М.Әуезовтың тілі бар. Түр-тұлғасы, қалам тербесінің өзі ұлы ұстазынан айнымайды. Құдды Әуезов рухы әлі тірі сияқты. Қабдештің шығармашылығы төрт ғасырды қамтып жатыр. ХVІІІ ғасыр – «Дарабоз» романы, ХІХ ғасыр –  «Тағдыр» романы, ХХ ғасыр – «Соңғы көш», «Атамекен». ХХІ ғасыр – көптеген әңгімелері, «Момын». Жазушының шығармасына арқау болған қаһарман батырлары: Әбілқайыр ханнан тартып Абылай хан, Кенесары хан, Барақ Сұлтан. Оған қоса Ресейдің патшайымдары, Қытайдың императоры, Жоңғардың қоңтайшысы: Сыбан-Рабдан, Қалден Серен ең соңы Әмірсанаға дейін, Қоқанның бектері, Қырғыздың манаптары, Қазақтың батырлары – Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Наурызбай, Есенгелді батырларға дейін. Билерден – Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Ақтайлақ би, Бұхар жырау, Ақтамберді жыраулар қамтылған.

«Атақты тағдыр» – тарихи роман. Оқиға махаббатпен басталады, оған қоса қазақтың ұмытылған «Айттырып алу», қайткен күнде де «Құдалықты бұзбау» салты айтылған. «Тағдыр» романы сол кездегі патшалық Ресей мен Цин империясын өзара қақтығысын ғана емес, Шығыс Түркістандағы қазақ халқының алуан тағдырын суреттейтін ұлы шығарма. Екі алпауыт елдің енші айырбасынан тұтастай бір халық зардап шегеді. Жаста болса, бас бола білген бас кейіпкер – Демежанның ел тізігініне араласуы, Қалдайлардан құқай көруі, әлсіздерге қамқорлық жасауы, М.Әуезовтің «Абай жолындағы» Абай образын еске түсіреді. Әсіресе, ел арасындағы ауыл бейнесі, тұрмыс-салты өте көркем суреттелген. Бұл ұстазы М.Әуезовтен үйренген ұшқыр ойы десек те артық болмайды. Образ жасауда оқиғаны байыппен баяндағаны заңғар жазушы М.Әуезовтің шәкірті екенін анық еске түсіріп отырады. Тағы бір ұқсастығы – Абайды, Демежан да жан жалғыздығын сезеді. Екеуі де халқын – қараңғылықтан құтқару жолын іздейді. Абай ауылына Біржан сал сияқты сал-серілерді көп шақырса, Демежанда өз маңайына ақын Әріп Тәңірбергенов, Әсет Найманбай сынды серілерді топтап жүреді. Абайдың кітапқұмарлығы да Демежанның бойында бар.

 «Ат жақсысын – кермеде көр, ер жақсысын – түрмеде көр» дегендей, Демежанда Абай сияқты бар қылмысы – халқының сөзін сөйлеп, соларға жақсылық жасағаны. Кесірінен, келместің кебінін киіп, кер заманның кесапатын бастан кешіріп, темірторға қамалды. Демежанның да құлқын үшін жүрген жолдастары басына бұл үйірілгенде теріс айналып кетеді. Өгей ұлы – Олжабайдың сатып кетуі жанын жегідей жеп, жалғызсыратқан еді. Романның аяқталар тұсында, ауыл адамдарын әнмен, қайғы-мұңнан сейілтейін, көңілдегі шерлерді жібітейін деп думандатып жүрген Ә.Найманбай Демежанның өзі еккен шынар ағаштары қасына келіп:

 

 Керілген кер бетеге, қайран Боздак,

 Жатушы ең қойың қоздап, түйең боздап.

 Бұл күнде қара қарғаң маза бермей,

 Қайғыны көңілімдегі кетті-ау қозғап.

 

Көрінген сонадайдан, беу карағаш,

Көзіме сені ойласам келеді жас.

Күзелген шолақ байтал кұйрығындай,

 Қалыпсың жапан түзде жап-жалаңаш.

 

Дегенде, беу карағаш, сәнің қайда,

Тербеткен төңіректі әнің кайда?

Алыстан көзді арбаған ак үйлер мен

Төрт түлік өріп жүрген малын қайда?

 

Көшкенде жүк артатын түйең қайда?

Саянда байлап қойған биең қайда?

Жайылып төрт тарапқа даңқы кеткен,

Кешегі ер Демежан иен кайда?! – деп бір дәуірдің батыр-боздағын жоқтайды.

«Менің өмірде өлшейтін бір-ақ таразым бар. Өзі арзиметика секілді өте қарапайым. Қазаққа не пайдалы соны қолдау керек. Қазаққа не зиянды, мейлі оны кім ойлап тапса да оған жол беруге болмайды. Қарсы тұрамын», – деп, өмірде де, жазған шығармаларында да өз ұстанымынан айнымаған. Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовті қазақ елі, ұрпақ ұмытпайды! Туған жерін таңдай алмаса да, қайтыс болғанда жатар жерін көсемдікпен таңдаған Қабдеш соңғы уақытқа келгенде, бір күні екеуіміз Мақаншыдан шығып, Ұржарды басып, өте берген кезде, тоғыз жолдың торабы тұр. Екеуіміз көліктен түстік. Қолын артына ұстап біраз әрлі-берлі жүрді де, «Ұлықпан, ерте ме, кеш пе бір өлім бар. Бір Алланың қолында. Саған бір аманат айтайын деп тұрмын. Мені тура осы жерге айы күні келгенде осы жерге жерленсем. Балаларға да айтамын. Бірақ сенің орның бөлек. Тоғыз жолдың торабында үлкен мән болып тұр. Оны өзің білесің. Мына жақта кешегі менің  балалық шағым өткен Шәуешек тұр. Мына жақта Қазақстаным тұр. Мына жақта біздің ел жатыр» деп соның бәрін ойластырып тұр ол кісі», – деп филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы, еңбек сіңірген қайраткері, Қабдештің жан жолдасы, Қабанбайдың ұрпағы – Ұлықпан Сыдықов еске алды.

 

Қабдеш Жұмаділовке

Сағымыңдай ойнаған сардаланың,

Тағдырыңа тамсанып, таң қаламын.

Ғасыр көріп, асыл болып кеттің әне,

Таңырқатып тағдырын бар даланың.

 

Киемісің жұртқа қонар бағы жанған,

Ел тілеген, арман қып, бағын алдан.

Рухымысың Мұхтардың тәңір таныр,

Тіл мәйегін шоқпар қып алып алған.

 

Том жаздым томағалы тарихы бар,

Ұқсамайтын басқадан даңқы бар.

Сен ұмытпас соңғы көш сонау тарих,

Тағдыр менен Дарабозға халқыңның жаны құмар.

 

Дидар БАҚЫТБЕК,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті, Баспагерлік, редакторлық және дизайн өнері кафедрасының 2 курс студенті

Жетекшісі: Қарагөз СІМӘДІЛ

 

 

815 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз