Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 04 Мамыр, 2024

Ақтөбеде кәсіпкерлер колонияда кәсіп ашты

Ақтөбеде кәсіпкерлер колонияда кәсіп ашты, - деп хабарлайды рблыс прокуратурасы.

Сәуір айында облыс прокуратурасы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №8 мекемесінде қала кәсіпкерлеріне кәсіп ашу мақсатында «Ашық есік күні» шарасын өткізді.

Бүгінде мекеме аумағында 400-ден астам сотталғандарды жұмыспен қамтып отырған 11 шағын және орта бизнес субъектілері бар.

Акция қорытындысы бойынша қызығушылық танытқан кәсіпкерлер термофасад және киім-кешек жасайтын мекемеде кәсіп ашуға ниет білдірді.

Мұндай ынтымақтастықтың артықшылықтары өндірістік үй-жайлардың, жұмыс істейтін шеберханалардың болуы, жалға алудың болмауы, объектілерді күзетуді қамтамасыз ету және дабылдарды немесе күзет қызметкерлерін орнатудың қажеті жоқ, кәсіпкердің қолда бар мүмкіндіктерді ескере отырып, тегін үй-жайларды таңдау мүмкіндігі, және дайын инфрақұрылымның болуы.

Сонымен қатар, кәсiпкерлердiң кәсiпкерлiк кадрларды таңдау үшiн жұмыспен қамту органдарына хабарласуының қажеті жоқ, мекеме мен қылмыстық-атқару жүйесi кәсiпорындары олардың құрамындағы мамандардың есебiн жүргiзедi.

Қазіргі таңда №8 мекеме аумағында металл конструкциялардан жиһаз жасайтын цехтар, қоршаулар, балалар алаңдары, қолөнер бұйымдары, киім тігу, наубайхана, тағы басқа нысандар жұмыс істейді.

Кәсіпкерлікті қолдау және сотталғандарды жұмыспен қамту жұмыстары жалғасуда.

351 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз