Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 04 Мамыр, 2024

Абай облысында 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды

Абай облысында 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
«Шетелдік» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Абай облысы ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұзақылық жасағаны үшін 2013 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматын ұстады.
«Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Тәжікстан Республикасының аумағына экстрадициялау туралы мәселе шешілуде», - деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

452 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз