Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • TENGE MONITOR
  • 06 Мамыр, 2010

Ұлы Жеңіске - 65 жыл Ұрпаққа мәңгі өнеге

Қандай да бір идеологияның қазығын көздеген жеріне қаға білген ел өзінің діттеген мақсатына да кедергісіз жете алары хақ. Кеңес елі аталған кешегі алып мемлекеттің қанқұйлы соғысты жеңуі де соның кіршіксіз бір дәлелі екендігін тарих өзі түйіндеп алдымызға тастады. Табанды идеологияның, әр азаматтың жүрегіне отансүйгіштік сезімін нық ұялатудың, білек пен найзаны дұрыс жұмылдыра білудің арқасында сол ұлы күн туды. Біздің аталарымыз тек ел мен жерді жаудан қорғап қана қойған жоқ, олар сонымен бірге жалпы адамзатқа қауіпті фашизмге тосқауыл берді.

Менің пікірімше, өткенге бүгінгі көзқараспен қарау – қиянат. Өйткені кез келген тарихи оқиға заманынан тыс өрби алмайды. Ұлы Отан соғысының өз бағасы мен жетістігі – өз еншісінде. Ал бүгінгі ұрпақтың Ұлы Отан соғысы парақтарын негізінен тағылым, сабақ алу мақсатында ашқаны ізгі. Сол кескілескен шайқастардағы хас батырларымыздың көрсеткен ерлігі, тылдағы жанкешті еңбек – ұрпаққа мәңгілік өнеге. Тәуелсіз отанымызға адалдық, елге, жерге шынайы жанашырлық та осындай ұлы істерді ойға тоқып, сезініп өсуден басталмай ма.

Жуырда Алматыда қала әкімдігінде өткен кеңесте Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеу қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Отан соғысының он ардагеріне жаңа пәтердің кілтін және "Ұлы Жеңіске - 65 жыл" мерекелік медалін тапсырды.

Елбасы кеңеске жиналғандарды және еліміздің барлық ардагерлерін осы айтулы мерекемен құттықтады.

"Сіздер көрсеткен батырлық Отанға деген ұлы сүйіспеншіліктің айқын белгісіне айналды. Сіздердің өмірлеріңіз бен ерліктеріңіз - қайсарлық пен патриотизмнің жарқын мысалы", - деп атап өтті президент Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесу кезінде.

Ботакөз Әбдірейқызы

670 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз