Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • TENGE MONITOR
  • 06 Мамыр, 2010

Ақорда ЕЛБАСЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қайырбек Сүлейменовті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Қ. Сүлейменов Президентті Ұлы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеу қарсаңында ардагерлерге қолдау көрсету үшін Қазақстанның барлық өңірлерінде көп іс атқарылғаны туралы хабардар етті.

Кездесу кезінде Қазақстанда соғысқа қатысқан 14376 ардагер тұратыны атап өтілді. Мерейтой қарсаңында 300-ден астам ардагер мемлекеттік наградаға ұсынылған. Жеңісті атап өтуге арналған салтанатты мерекеге қатысу үшін 32 қазақстандық Мәскеуге, соғысқа қатысушының бесеуі Санк-Петербургке, екеуі Прагага баратын болды. Бұдан басқа, қайтыс болған қазақстандықтардың туған-туыстары болып келетін 155 отбасы өз әкелері мен аталары жерленген жерге баруға тілек білдірген. Осы мақсатқа қажетті қаражат бөлінді.

Әңгіме барысында Президент бірде-бір ардагер мемлекет тарапынан қамқорлықсыз қалмауы тиіс екенін ерекше атап өтті.

657 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз