Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • TENGE MONITOR
  • 22 Қазан, 2015

ШЫДАМ МЕН ТӨЗІМ СЫНҒА ТҮСКЕН ШАҚ

Правление АО ММГҚазіргі таңда бүкіл әлемді шарпыған жаһандық экономикалық дағдарыс көптеген компаниялардың қаржылық тұрақтылығын ғана сын тезіне салып қойған жоқ, сонымен қатар олардың өндірістік және әлеуметтік бағдарламаларының қаншалықты жан-жақты, оңтайлы ойластырылғандығы мен маңыздылығы үшін де үлкен сынақ болып отыр. Осынау өтпелі қиын кезеңде «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы қандай қиындықтармен бетпе-бет келді, қаншалықты тәуекелге бел буып отыр және кәсіпорынның болашақтағы даму көкжиектері қандай? Компанияның бас директоры Сунь Синъюнь мен бас директордың бірінші орынбасары Бақыт Алтайұлы Иманбаев мырзалармен сұхбатымыз осы және басқа да мәселелер төңірегінде өрбіді. Неизвестный объект Иманбаев Бакыт Алтаевич - Первый заместитель генерального директора– «Маңғыстаумұнайгаз» ак­цио­нерлік қоғамының алдағы уақытта­ғы даму келе­ше­гі қандай?  – «Маңғыстаумұнайгаз» мекемесінің стра­те­гиялық басым бағыттары – тұрақты қар­жы­лық жағдайды қамтамасыз ету, өндіріске ин­новациялық технологияларды енгізу, қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған кен орындарын тиімді жолмен дамыту, жүйелі және мақсатты түрде компанияға қажетті мамандарды оқытып, даярлау, сонымен қатар өлкеміздегі осы саланың көшбасшысы ретіндегі мәртебесін нығайту болып табылады. Сондай-ақ біздер болашақта өндіріс көле­мі­нің артуы мен жаңа келісім-шарттық аумақ­тар есебінен ресурстық базаны ұлғайту мәселелеріне де баса мән береміз. Нақ осы мақсатта компаниямызда Жаңа технологиялар департаменті мен Активтерді барлау және иелену департаменті сияқты құрылымдық бөлімшелер құрылды. Тұтастай алғанда, біздің компания Қазақ­стан Республикасының және Маңғыстау өңі­рінің ең ірі даму кепілі болып табылады. Өйт­кені, біз аймақтың әлеуметтік және мәдени дамуына қатысты, азаматтарды жұмыспен қамтуға байланысты көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысамыз. «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоға­мы­на тек компания акционерлері ғана емес, сондай-ақ тұтас мемлекетіміз, компания қыз­меткерлері мен олардың отбасылары, тіпті бүкіл облыс халқы айтарлықтай маңызды үмітін артып отыр. Акционерлік қоғамның даму стратегиясы аясында біздің күшіміз қабаттағы мұнай өндіруді арттыру және мұнай өндіру коэф­фициенті, жөндеу аралығындағы кезең­дерде құрал-жабдықтарды өсіру, қуат күшін үнем­дейтін технологияларды енгізу мақ­са­тында жаңа технологияларды енгізуге бағыт­талған бірқатар жаңа жобаларды жүзеге асы­руға жұмылдырылады. Сондай-ақ біз осы сәтте өзіміз үшін ең маңызды міндеттердің бірі – бөлек есептеуді енгіздік. Бұл қазіргі қызметіміздің рентабельділігін егжей-тегжейлі талдау барысында оң нәтижесін беріп отыр. Осы арқылы біздің компанияның тиімділігін арттыру резервін анықтауға болады. Бірақ біз осы қол жеткізген табыстарымызға тоқмейілсіп, тоқтап қалмаймыз. Алдағы уақытта бізді көптеген қиындықтар мен кедергілер күтіп тұрған болуы да мүмкін. Дегенмен, «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының тұрақты дамуын қамтамасыз ету біздің командамыздың қолынан келетініне сенеміз.IMG_2466 – Осымен екінші жыл қатарынан мұнай бағасы бұрын-соңды болмаған деңгейге дейін төмендегені белгілі. Осындай қиын уақытта компанияның шығындарын азайту үшін қандай шаралар қолға алынып жатыр? – Мұнай бағасының күрт төмендеуі мұнай өндіретін компаниялардың қызметіне қатты әсер еткені түсінікті. Бірақ «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның басшылығы да, компанияның акционерлері – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы мен «CNPC»-те «қара алтынның» бұрынғы бағасы қайта қалпына келуін күтіп, қол қусырып отырған жоқ. Біздер нақты бүгінгі күннің талабына сай тиісті шараларды жүзеге асырып, тығырықтан шығудың жоспарларын жасап, жаңа бағдарламаларды жасақтап, белсенді түрде жұмыс жасап жатырмыз. Жаңа айтып өткеніміздей, ең маңызды міндеттердің бірі – бөлектеп есепке алуды енгізу. Компанияға бөлектеп есепке алу тәсілін енгізу арқылы «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының активтері қаншалықты тиімді пайдаланылуда, әрбір жеке ұңғымадан қанша мұнай өндіріледі және оның пайдалануға жұмсалатын тікелей және жанама шығындары қандай, кен орындарының өтімділік өрістері қандай – осы және басқа да ақпараттарды жылдам алуға, талқылауға және талдауға мүмкіндік алдық. Атап айтқанда, табыс пен шығын туралы есептік көрсеткіштен тек кәсіпорынның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің көрсеткіштерін ғана емес, сонымен қатар әрбір өндірістік активтің егжей-тегжейлі, жан-жақты түсіндірмесін көруге болады. Осылайша, бөлек есепке алу табыстардың, шығындар мен қолданыстағы активтердің әрбір қызмет түрі туралы жеке-жеке және басқа тұтас қызметтер бойынша да толық мағлұмат беретін, деректерді жинау және қорытындылау жүйесіне айналып отыр. Сонымен қатар 2016-2020 жылдарға арналған шығындарды оңтайландыру бағдарламасының жобасын жасақтау бойынша да жұмыстар басталды. Шығындарды оңтайландыру мен шығындарды бақылау мүмкіндігі компанияның бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін қолдау бағытындағы ең маңызды фактор болып табылады. 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламаның мақсаты шығындарды оңтайландыру арқылы акционерлік қоғамның қаржы-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған ауқымды шараларды жүзеге асыруға арналған. Бағдарлама жобасын әзірлеуге компанияның барлық құрылымдық бөлімшелері қатысады. Бағдарлама ұйымдастыру және өндірістік-техникалық іс-шаралар кешенін жоспарлау мен жүзеге асыру арқылы тиімді оңтайландыру және шығындарды басқару жүйесін қалыптастыруға негізделген.DSC_8978 – Компанияның қазіргі таңдағы ахуалы туралы жан-жақты мағлұмат берген егжей-тегжейлі жауаптарыңыз үшін рахмет. Енді бір сұрақ. Мұнай бағасының құлдырауына байланысты Сіздерге өндірістік процесті қысқартуға, мысалы, мұнай өндіру көлемін азайтуға тура келген сәттер болды ма? – Жоқ. Мәселен, біз өткен жылы жоспар бойынша 6 миллион 151 мың тонна мұнай өндіруге тиіс болсақ, іс жүзінде 122 мың тонна артығымен өндіріп, 6 млн. 273 мың тоннаға жеткіздік. 2015 жылы жоспарда 6 млн. 250 мың тонна игерілуі тиіс, бірақ біз 6 млн. 275 мың тонна мұнай өндіруді көздеп отырмыз. Қазіргі уақытта жоспар бойынша 4153,88 мың тонна өндіруге тиіс болсақ, нақты 4163,00 мың тонна мұнай өндірілді. Осы сандардың өзі-ақ – өндірістің шынайы келбетін айқын танытып тұрған көрсеткіштер. Әрине, ірі компания болғасын кейбір жерде проблемалар болмай тұрмайды, кейбір өндірістік көрсеткіштер бойынша кестеден кешігіп, артта қалу болып жатады, кейбір жерлерде жасалып жатқан жұмыстардың біздің күткен үмітімізді толық ақтамайтын сәттері де болады. Бірақ, тұтастай жалпы алғанда, өндірістік процесс тұрақты жүріп жатыр, ешқандай кері кетушілік жоқ. Қандай да бір кездескен кедергілерге қарамастан компаниямыз жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізу бағытындағы жұмыстарын өте табысты түрде жалғастыруда. Бұдан бұрын да бірнеше рет айтып жүрміз ғой, тағы да қайталап айтуға болады, өткен жылдың қыркүйек айында Қаламқас кен орнындағы №2041, 2049 айдау ұңғымалары бөлімшелерінде француз технологиясы бойынша полимерді жүктеу жұмыстары басталды. Соның нәтижесінде 2014 жылы нақты 1341,2 тонна қосымша мұнай өндірілсе, үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіндегі көрсеткіш бойынша қосымша мұнай өндіру 10 271,4 тоннаға жетті, өндірістік-тәжірибелік сынақтар басталғалы бергі өндірілген қосымша мұнай көлемі – 11 612,6 тонна, ал бір ұңғыманың орташа тәуліктік өсімі 1,53тонна болды. Осы жылдың наурыз айында Қаламқас кен орнындағы №1580 ұңғысында қытай технологиясы бойынша полимер жүктеу жұмысы басталды. Өндірістік-тәжірибелік сынақтар басталған кезден бастап 2015 жылдың 1 қыркүйегіндегі көрсеткіш бойынша қосымша мұнай өндіру 7 910,3 тонна болса, 1 ұңғыманың орташа тәуліктік өнімділігі 5,05 тонна болды. Тағы бір маңызды нысан, бұл – Қаламқас кен орнындағы Газ-турбиналық электр стансасы (ГТЭС). Газ-турбиналық электр стансасын іске қосуды енгізу арқылы 2014 жылы компания үшін электр энергиясын сатып алу және тасымалдау құны 2 млрд. 631 млн. теңгеге үнемделді! Өткені жылы жобаны жасақтап біткеннен кейін ұңғымалардағы көптеген ақаулары бар пайдалану баған­дарына қосымша кіші диаметрлі бағандар түсіру жұ­мыстары басталды. Жыл басынан бері Қаламқас кен орнында ұңғы­маларға кіші диаметрлі бағандарды (102 мм, 114 мм) түсіру арқылы сегіз айдау және бір өндіру ұңғымасына күрделі жөндеу жүргізілді. Бес айдау және бір өндіру ұңғымасы жұмысының тиімділігіне талдау жүргізу барысында қосымша мұнай өндіру көлемі тиісінше 1 646,2 тоннаға және 221,6 тоннаға жеткені анықталды. Егер 2014-2015 жылдардағы жалпылама деректерге көз жүгіртер болсақ, 23 айдау ұңғымасында қосымша өндіру 6625,2 тонна болса, сәйкесінше қазіргі таңда осы кезеңде үш өндіруші ұңғымада 5649,3 тонна мұнай өндірілген. Мамандарымыздың талдау қорытындыларының нәтижелері көрсеткендей, оқшаулау-жөндеу жұмыстарына және қайталама ұңғымаларды бұрғылауға қарағанда кіші диаметрлі бағандарды түсіру неғұрлым тиімді және пайдалы болып саналады. Мысалы, кіші диаметрлі бағандарды түсіру жұмысының орташа шығындары бір ұңғымаға 40 957,312 мың теңге болды, яғни жаңа ұңғыманың құрылысына (бұл жұмыстың шығыны – 143 852 990 мың теңге) қарағанда 3,5 есе аз шығын жұмсалды. Осы сәтті пайдалана отырып, біз мысалға келтіріп отырған осы есептеулердің, сандардың, көрсеткіштердің барлығы адамдардың тынымсыз еңбегінің арқасы, біздің әріптестеріміздің маңдай терінің нәтижесі екенін атап өткіміз келеді. Тұрақтылық – табыс кілті. Яғни осынау қиын кезеңге қарамастан біздің компаниямыздың әрдайым тұрақты нәтижелерге қол жеткізуі – бұл «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының бүкіл ұжымының ерен еңбегі болып есептеледі. – Жақсы, ал елдегі дағдарыс «Маңғыстау­мұнайгаз» акционерлік қоғамының әлеуметтік саясатына қаншалықты әсер етті? – Бұл ретте де компаниямыз бұрынғы алған бағытынан айныған жоқ. Жыл басынан бастап «Ман­ғыс­таумұнайгаз» акционерлік қоғамының жұмыс­шыларына 243 млн. теңге көлемінде материал­дық көмек берілсе, соның 67 млн. теңгесі біздің зейнет­керліктегі қызметкерлерімізге жәрдем ретінде жұм­салды. Жаз мезгілінде жұмысшыла­рымыздың 1700-ден астам балалары Қазақстан мен Ресейдің жазғы сауықтыру демалыс орындарында демалып келді. Сонымен қатар компанияда жалақы мен тоқсан­дық сыйақылардың төмендеуі, қызметкерлердің қысқартылуы болған жоқ. Қазіргі таңдағы дағдарыс қиындықтарына да, ештеңеге де қарамастан, біз Ұжымдық шарт бойынша мойнымызға алған барлық міндеттемелерді орындап келеміз. Сондай-ақ соңғы бес жылда «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы тарапынан өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына 8 млрд. 245 млн.-нан астам теңге бөлінгенін атап өткіміз келеді. Мұнайшылардың қаражаты есебінен мектептер мен спорт алаңдары, мәдени-әлеуметтік нысандар, жаңа жолдар салынды, тарихи ескерткіштерді жөндеу жұмыстары жүргізілді, олардың бәрін, бүкіл жасалған жұмыстарды тізбелеп, тізіп шығу мүмкін емес... 2014 жылы мемлекеттік бюджетке 304 млрд. теңге салық төленді, ал соңғы бес жыл ішінде төленген салық мөлшері 1трлн. 200млрд. теңгеден асты! Әлеуметтік жауапкершілік компанияның дамуын­дағы маңызды стратегиялық бағыттардың бірі болып табылады. – Енді соңғы сұрақ: Қазақстанның жақында Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылға­ны белгілі, оның алдында Еуразиялық экономика­лық одақ­тың толыққанды мүшесі ретінде тауарлар­дың еркін айналымына, қызмет көрсетуге қол жеткізді. Осы жағдайда компания отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін қандай жұмыстар жасамақшы? – «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы отан­дық тауар өндірушілерді және қазақстандық мазмұнды дамытуды қамтуға бағытталған Қазақстан Республикасы Үкіметінің алған бағыттарын берік ұстанады. Компания тауарлар, жұмыстар мен қызметтердегі қазақстандық мазмұн үлесін арттыру бойынша өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындап келеді. 2015 жылы қазақстандық тауарларды, жұмыс­тар­ды және қызметтерді сатып алуды тиісінше 35, 70 және 90 пайыз көлемінде қамтуды көздеп отырмыз. Біз көптеген жергілікті фермерлерге де қолдау көрсетіп келеміз. Мысалы, осы жылы жергілікті ауыл­шаруашылық өндірушілерімен 547 млн. теңге сома­сындағы меморандумға қол қойдық. Осылайша біз ет және сүт өнімдерін тек қана маңғыстаулық фермерлерден сатып аламыз. Қазіргідей қиын кезенде мұндай кепілдендірілген тұтыну нарығы шаруагерлер үшін өте үлкен көмек екеніне келісетін боларсыз. – Сунь Сунъюнь мырза, Иманбаев мырза, сұх­бат­тарыңызға рахмет! Компанияға толағай табыстар тілейміз! Сұхбаттасқан Аманкелді ШОПАН

1551 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз