Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 19 Мамыр, 2016

Пайғамбардың сынған тісі

Ухуд шайқасында Мұхамбет пайғамбардың астыңғы күрек тісі сынады. Ұрыс біткен соң, бір сахабасы сынған тісті тауып алады. Пайғамбардың тісін аяқасты қылуға дәті жібермей, оны үйінің бір бұрышына көмеді. Тіс көмілген жерден аппақ күріш өсіп шығады. Сахаба пайғамбарды шақырады. Пайғамбар келіп, «Ясин» сүресін оқып, дұға жасайды. Ол сахабаға: – Алла менің тісімнен күріш өсіріп шығарды. Оған Ясиннің қуатын бердім. Оны аяқасты етпеңдер, – деп өсиет айтады. Содан бері халық күрішті қастерлепті. Пайғамбардың дұғасынан соң, күріш тойымды әрі берекелі асқа айналыпты деседі.

1625 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз