Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Желтоқсан, 2016

Қазақстанның 3 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның 3 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.

«Астана қаласында 8 желтоқсанда күндіз, 9 желтоқсанда тәулік бойы оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с. Кей уақытта бұрқасын күтіледі. 8-9 желтоқсанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с болады. Кей жерлерде бұрқасын күтіледі. 8 желтоқсанда түнде ауа температурасы Батыс Қазақстан облысында 20-25 градус аязға, Атырау облысында 12-20 градус аязға дейін күрт төмендеуі  күтіледі», - деп жазылған хабарламада.

ҚазАқпарат агенттігі  

580 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз