Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 13 Сәуір, 2017

Абылайдың хаты

  Тəуелсіздігіміз жарияланатын 1991 жылы Алаш арыстарын құрметпен атап өту шаралары қолға алынған екен. Содан бері де жиырма бес жыл көзді ашып жұмғандай болып өте шығыпты. Дəл сол жылы Көкшетауда Абылай ханның 280 жылдығы да аталып өтіп, Бурабайдағы Абылай алаңына да белгі қойылған. Сол жылы осы атаулы оқиғаға орай – Абылай ханның белгісіз бір хаты да табылыпты. Ол туралы мақала «Ана тілі» газетіне (Уəлихан Ш.Ы. Абылайдың хаты табылды. // Ана тілі, 1991, 25. 07., № 30; 01. 08., № 31.) жарияланды. Хаттың авторы – Абылай ханның ұрпағы, белгілі сəулетші Шот-Аман Ыдырысұлы Уəлихан. Хат Ұлттық Ғылым Академиясының сирек қолжазбалар қорынан табылған. Араб жазуымен жазылған хатты Ш.Уəлихан қолжазбатанушы Мақсұт Шафиғи ағамызға оқытып, қағазға түсіріп алған. Хат мағынасы ХVІІІ ғасырдағы қазақ- қырғыз арасындағы қақтығысқа арналған. Бұл оқиға туралы Шот-Аман Ыдырысұлы едəуір дəрежеде зерттеп, мақаласында сөз еткен жəне хаттың фотокөшірмесін де жариялапты.

 Біз осы фотокөшірмені өз тарабымыздан зерттеп, қайта оқып, түзетпе жасап шықтық. Нәтижесі тәп-тәуір болды деп айтуға болады. Түзетпе негізінен күрделі графеманың шешілуі және кейбір түсініксіз сөздердің оқылуына қатысты болды. Күрделі графема, яғни, көптеген әріптің бірге қосылып жазылуы, көне түркі күлбізік (руна) жазуының заңдылықтарына сай қағидалардың бірі. Осы қағида орта түркі жазба ескерткіштерінде де қолданылып, Абылай хан заманында да жалғасын тапқанын көруге болады. Енді хаттың түпнұсқасын және М.Шафиғи жасаған транскрипциясын келтірейік. М.Шафиғи транскрипцияны жолдарға бөлмей, біртұтас хат етіп түсірген екен.

М.Шафиғи транскрипциясы:

«Бізден Орта юзнің Абылайсултаныдин Сізге үлкен хұрметленіш уа һәм ағла [аса жоғары] тарқартаблу госпадин ианарал мойор ДПЧ* хазрәтләриға саламнама уәсил [жолдадық] уәләнә.

Уа бағдуһу [сәлемнен соң айтарымыз] сізләрнің ючхазрәтләріңіз мағлұмулина [мағлұм етеміз] бізләр озған [өткен] иылларының ічінде Ташкенд тарапиға [тарапына] ұлығ юз деген қазычыларымызға [қазақтарымызға] ердук, шол сабаплы яғыни андағы халайықларымызға дұшпанлар залал еткүрмәклік сәбәбиндин барған ердук һәм андағы ішләрімізні бітірдук уайене қырғызтикен яуымызды шабып алдық, уа һәм дұшпанларының яманларын қырып, қалғанын ел қылып ақ үйлі аманатын алдық уә һәм Ташкенд, Бухар, Самарқан ұағайри [және басқа] шәһәрләр бірлә ел болып бір ата ұғлындай болдық.

Әммә [бірақ] бір Қоқанттикен кент бірлә Арданатикен** хакім бірлә дүрдаран болдық, жау болып шапмадық, ел болып һәм бір сөзге кирмедік, уа һәм күлли халайық ғаскәрләріміз елге сағ-саламат юртымызға келдік. Өзімізнің сәләмәтлігімізді мағлұм қылор учін юрамалы өзімізнің яқын ауыл кічімізні, яғни Дат баһадурны*** нолдаш бірлән ибердук уа һәм қалмұш сөзләрні өз тілібірлә сөзлләр. Сізләр мархамат қылып ушбу мәзкүр Дат баһадүр илау бірлә Ембі қалғасына [қорғанына] еткүргәйсіз [жеткізсеңіз екен].

Біз Абылай сұлтан кентелі мөһірімізні бастық».

Біздің тарабымыздан жасалған, түзетілген араб жазулы, күрделі графемалы түпнұсқа:

بزلر اورطا يوزنينك ابلاي سلطاندين سزﮐﮫ اولكان خرمتلنش و هم اعلي مرتبلو عوسﭙادين ينارال

مايور د حضرتلاريغه سلام نامه واصلا ولندي

وبعده سزلار يوﭺحضرتلارونكزغه معلوم ضررلق بزلار اوزغان يللارنيكَ ايﭻنده تشكيند طارفيغه

اولوغ يوز ديكان قازق لارمزغه بارغان ايردوك شول سببلي يعني انداغي خالايقلارمزغه دوشمانلار

ضلاليتكورمك ليك سببندين بارغان ايردوك هم انداغي ايشلارمزني بتوردوك وينه قيرعز تيكان ني

ﭽابب الدوق و هم اول دوشمانلارننك لار يامانلارين قيريب و هم قالغانن ايل قيلرب اق اويلي امانتن

الدوق و هم تاشكيند بوخار سمرقند و هم غير شهرلار برله ايل بولب بر اتا اوغلنداي بولدوق

اما بر قوقاند تيكان كيند برله اردنا تيكان خاكم برله دوردار بولدوق يا باولوب ﭽابمادوق ايل بولب هم برسوزكا

كيرميدوك وهم كلي خلايق عسكرلارومز ايلمز سا يوروتمزغه كيلدوك اوزمزننك سلامت ليكمزني معلومقيلور

اوﭽ يولامالي اوزمزننك يقين اول كيشمزني يعني دات بهاتورني يولتش بيرلن يبردوك وهم قالمش سوزلارين اوزتيلي برله سوزلار

سزلار مرحمت قلرب اوشبو مذكور دات بهاتور ايلا برله مبي قلعاسنه ايتكوركايسز

بز ابلاي سلطان مرحمتبرله التن سنملي مهرسلااقاباسا ستق

Күрделі графемалардың бөлшектелуі

І жол. 1- КГ -  1) و– у; 2) ه– һ; 3) م– м; 4) ق– қ; 5) ت– т; 6) ي– ы. Алғашында бұл күрделі графеманы тек уә һәм тіркесін білдіретін әріптер деп ойладық, бірақ басқа жерде жазылған уә һәм сөздерінің таңбаларына ұқсамағандықтан, бұған басқа таңбалар қосылып жазылған деген ой келді. Соның нәтижесінде қосымша жазылған қатты сөзі оқылды.

ІІ жол. 1- КГ - 1) ن– н; 2) ي– и; 3) ﭺ– ч; 4) ﭙ– п; 5) و– о; 6) ب– б; 7) ر– р. ЖТТТ (жай таңбалардың толық түпнұсқасы) -   دنيﭻ ﭙون برونТранскрипциясы – Денич пон барон – сөздері оқылды.

ІІІ жол. 1- КГ - 1) ن– н; 2) ن– н; 3) ¦ – а.

ІV жол. 1- КГ - 1) ﭺ– ч; 2) ق– қ; 3) ش– ш; 4) ه– һ; 5) ر– р; 6) ل– л;

V жол. 1- КГ - 1) غ– ғ; 2) و– у.

VІ жол. 1- КГ - 1) ج – җ; 2) م– м; 3) ا– а; 4) ن– н.

VІІІ жол. 1- КГ - 1) ز– з; 2) م– м; 3) ن– н.

2- КГ - 1) غ– ғ; 2) و– у.

ІХ жол. 1- КГ - 1) ف– ф; 2) ع– ғ;

2- КГ - 1) س– с; 2) و– у. 3) ل– л; 4) ا– а.

Х жол. 1- КГ - 1) ن– н; 2) ك– к; 3) ي– и.

2- КГ - 1) م– м; 2) ل– л; 3)ر– р. 4) ك– к.

ХІ жол. 1- КГ - 1) ن– н; 2) ي– ы; 3) ا– а.

2- КГ - 1) و– у; 2) ا– а; 3)  ت– т.

3- КГ -  1) ي– й; 2)ا– а.

ХІІ жол. 1- КГ - 1) خ– х; 2) ا– а; 3)  ط– т; 4) ج– җ; 5)  ز– з.

Біздің тарабымыздан жасалған, түзетілген араб жазулы, жай таңбалы, толық түпнұсқа:

بزلر اورطا يوزنينك ابلاي سلطاندين سزﮐﮫ اولكان خرمتلنش و هم اعلي و هم قتي مرتبلو عوسﭙادين ينارال

مايور دنيﭺ ﭙون بارون حضرتلاريغه سلام نامه واصلا ولندي

وبعده سزلارنينك ايوﭺ حضرتلارونكزغه معلوم ضررلق بزلار اوزغان يللارنيكَ ايﭻنده تشكيند طارفيغه

اولوغ يوز ديكان قازق ﭺق شهرلارمزغه بارغان ايردوك شول سببلي يعني انداغي خالايقلارمزغه دوشمانلار

ضلاليتكورمك ليك سببندين بارغان ايردوك هم انداغي ايشلارمزني بتوردوك وينه قيرعز تيكان يغيومزني

ﭽابب الدوق و هم اول دوشمانلارننك جمانلار يامانلارين قيريب و هم قالغانن ايل قيلرب اق اويلي امانتن

الدوق و هم تاشكيند بوخار سمرقند و هم غير شهرلار برله ايل بولب بر اعم اتا اوغلنداي بولدوق

اما بر قوقاند تيكان كيند برله اردنا تيكان خاكم برله دوردارزمن بولدوق ياغ ياوبولوب ﭽابمادوق ايل بولب هم برسوزكا

كيرميدوك وهم كلي خلايق عسكرلارومز ايلمز ساف ساع ساو سالمت يوروتمزغه كيلدوك اوزمزننك سلامت ليكمزنيمعلومقيلور

اوﭽنكي يولامالي اوزمزننك يقين اول كيشمزني يعني دات بهاتورني يولتش بيرلن يبردوك وهم قالمش سوزلارين اوزبيلي برله مكملرك سوزلار

سزلار مرحمت قلرب اوشبو مذكور دات بهاتورني ايلاو ات برله يامبي قلعاسنه ايتكوركايسز

بز ابلاي سلطان مرحمت برله التن سنملي مهرسلااقاباساخاط جازستق

Транскрипциясы:

  1. Бізлер Орта йүзнің Абылай сұлтаныдын Сізге үлкен хұрметленіш уә һәм а‘лауә һәмқаттымәртебелү ғоспадыйн йанарал
  2. майор Денійч пон барон хазратларыға сәлем нәме уасыйла ұланды.
  3. Уа ба‘дуһу сізлернің айауұч хазратларұңызға мағлұм зарарлық бізлер озған (өткен) йылларның ічінде Тәшкенд тарафыға,
  4. Ұлұғ йүз деген қазақ чақ, шаһарларымызға барған ердүк. Шол себеблі, йағни, андағы халайықларымызға дұшманлар
  5. залал еткүрмеклік себебіндін барған ердүк һәм андағы ішлерімізні бітүрдүк уә йәне қырғыз текен йағ-йауымызны
  6. чабыб алдұқ уә һәм ол дұшманларның җаманлар-йаманларын қырыб уә һәм қалғанын ел қылырыб, ақ үйлі аманатын
  7. алдұқ уә һәм Тәшкенд, Бұхар, Самарқанд уә һәм ғайры шаһарлар бірле ел болұб, бір а‘амму ата ұғлындай болдұқ.
  8. Әммә бір Қоқанд текен кенд бірле, Ардана текен хәкім бірле дүрдаразман болдұқ, йағ-йау болұб чабмадұқ, ел болұб һәм бір сөзге
  9. кірмедүк уә һәм күллі халайық, ғаскерлерүміз, елімізсаф-сағ, сау-саламат йұрұтымызға келдүк. Өзімізнің сәлеметлігімізні мағлұм қылұр
  10. үчүнкій йол(л)амалы, өзімізнің йақын, әууәлкішімізні, йағни, Дат баһатұрны йолташ бірлен йібердүк уә һәм қалмыш сөзлерін өз тілі бірле мүкәммәлірек сөзлер.
  11. Сізлер мархамат қылырыб үшбүу мәзкүр Дат баһатұрныылауатбірлеЙембі қалғасына йеткүргейсіз.
  12. Біз, Абылай сұлтан, мархамат бірле алтын, сенімлі мөһір сала, аққа баса хат жазыстық.

Аудармасы:

  1. Біздер Орта жүздің Абылай сұлтанынан Сізге үлкен құрметпен және аса жоғарыжәне (қатты) зор мәртебелі генерал
  2. майор мырза Денійч пон барон хазретіне сәлем нәме (жазба, хат) жолдау ұланды(жалғастырылды, ұластырылды, байланыстырылды).
  3. Және бұдан соң сіздердің аяулы хазретіңізге мәлім зарарлық – біздер озған (өткен) жылдардың ішінде Тәшкенд тарапына,
  4. Ұлы жүз деген қазақ бөлік, шаһарларымызға барған едік. Сол себептен, яғни, ондағы халайықтарымызға дұшпандар
  5. залал келтіргендік себебінен барған едік һәм ондағы істерімізді бітірдік уә және қырғыз деген...
  6. шауып алдық уә һәм ол дұшпандардың җаман-йамандарын қырып уә һәм қалғанын ел қылдырып, ақ үйлі аманатын
  7. алдық уә һәм Тәшкенд, Бұхар, Самарқанд уә һәм басқа шаһарлармен бірге ел болып, бір жалпы ата ұлындай болдық.
  8. Бірақ бір Қоқанд деген кентпен бірге, Ардана деген хәкімімен бірге дүрдараз(ман/бан) болдық, (йағ/жағ)-жау болып шаппадық, ел болып та бір сөзге
  9. кірмедік уә һәм күллі халайық, әскерлеріміз, еліміз (саф-сағ) сап-сау, сау-саламат жұртымызға келдік. Өзіміздің сәлеметтігімізді мәлім қылу
  10. үшін жолдамалы, өзіміздің жақын, (әуелгі) бастыкісімізді, яғни, Дат батырды жолдаспен бірге жібердік уә һәм қалған сөздерін өз тілімен кеңірек, толықтырып айтар.
  11. Сіздер мархабат қылып, осы айтылып отырған Дат батырдыылауатпен (Й)Ембі қаласына жеткізсеңіздер екен.
  12. Біз, Абылай сұлтан, мархабатпен алтын, сенімді мөр сала, аққа баса хат жазыстық.

Мөрдің бұрынғы оқылымы: «БАҺАДУР АБУЛАЙ...  БИН... СҰЛТАН УӘЛИ»

Күрделі графемалы түпнұсқа

بن ولي سلطاندن        ابيلاي

Күрделі графемалардың бөлшектелуі

       І жол. 1- КГ - 1) ل– л; 2)ي– й; 3) خ– х; 4) ن– н.

ІІ жол. 1- КГ - 1) ه– һ; 2) ا– а; 3) ت– т; 4) و– у. 5) ر– р.

Жай таңбалы түпнұсқа: ولي سلطاندنبنبهاتورن خاابيلاي

Төменнен жоғары қарай жазылып, оқылады:

Транскрипциясы: Абылай хан, баһатұр бин Уәли сұлтандын

Аудармасы:Абылай хан, батыр Уәли сұлтанұлынан

Абылай ханның хаты ХVІІІ ғасырдағы қазақ тілінің қолданысынан аз да болса хабар беретін құнды жазба дерек. Мысалы, жазбада жау сөзін араб әліппиіндеجж әрпі болса да йау деп, ал жаман сөзін әрі Ж-мен, әрі Й-мен (җаман-йаман) жазған. Сондай-ақ жазу сөзін қазіргідей Ж-мен (жазыстық) жазу қолданылған. Бұдан сол дәуірде Й дыбысының қолданылуының соңғы кезеңін байқауға болады. Мысалы, қазіргі жұрт сөзі хатта йұрұт болып жазылған және қазіргідей қысқартпай, ерін үндестігімен жазған. Дегенмен сол кездің өзінде Й-дың әлі де біршама деңгейде қолданыста болғандығын мына мысалдардан көруге болады: йүз, йанарал, йол(л)амалы, йақын, йыл, йәне, йолташ, йібердүк, йеткүргейсіз. Шетелдік кірме сөздердің бірі П (пон), екіншісі Ф (саф) әріптерімен жазылған. Саф сөзі қазір де осылай қолданылады, бұл сөзге көңіл-күйлік  реңк беру үшін өзгертілмей қолданылатын тәрізді. Біз екінші сөзді араб сөзі деуімізге осы Ф әрпімен жазылуына орай айтып отырмыз. Бұл сөздің мағынасы таза деген мәңді білдіреді. Сондықтан осы сөзді таза сау деген мағынамен араб сөзі ретінде қолданды ма екен деген ой келеді. Болмаса бұл сөзді тіліміздің заңдылығына сай сап-сау түрінде күшейтпелі қос сөз деп те түсінуге болар еді. Жазбада қазіргі Ш келетін сөздерде Ч (чақ, чап, ічінде) қолданылғанын аңғарамыз. Йәне сөзі Күлтегін жазба ескерткішінде дәл осы тұлғада жазылғаны біздің зерттеулеріміз арқылы оқылып, дәлелденді. Сондай-ақ айауұч сөзі де дәл осы жазылуында енесей ескерткішінің бірінде қолданылған. Бұл сөздердің сонда сегізінші ғасырдан Абылай хан заманына дейін он бір ғасыр бойы өзгеріссіз қолданыста болғанын көреміз. Қазір бұл сөздердегі йәне сөзі – және, айауұч сөзі – аяулы тұлғаларына өзгерген.

Хатта араб сөздері уә сөзін қосқанда 22 шамасында, ал парсы сөздері олардан әлдеқайда кем (6) қолданылған. Парсы сөздерінің ішіндегі қазіргі қолданыстағы дүрдараз сөзіол кезде дүрдаразман болып қолданылғаны да үлкен жаңалықтың бірі деуге болады. Орыс және Еуропа сөздерінен господин, генерал, майор, Дениц, фон, барон сөздерінің қолданылуынан Қазақеліне батыстық «қара бұлттың» төніп келе жатқанын сезуге болады.

Жазбаның жаңа оқылымы арқылы хат мәтініне 60 жаңа сөз, қосымша қосылды. Соның арқасында Абылай хан хатының тұтас мәтіні қайта туды. Жаңа сөздер мен ой-тұжырымдар туралы айрықша атап өтерлік мәселе Абылай хан мөрінің алтыннан жасалғаны, оның сенімді екені, мөр басумен бірге мөр салу және мәтіннің соңында мемлекеттік дипломатиялық құжатқа айғақ, түйін боларлық хат жазыстық тіркестері қолданылуын айтуға болады. Жазбадағы көне сөздердің қолданылуына йағ-йау, сағ-сау түріндегі қос сөздерді келтіруге болады. Бұлардың алдыңғылары көне заман куәлері болса, кейінгілері сол сөздердің қазіргі уақыттағы өзгерісіне заттық айғақ бола алады. Осындай сөздерге бірле, бірлен сөз нұсқаларын да жатқызуға болады. Бірле сөзі алты рет қолданылса, бірлен сөзі бір-ақ рет қолданылған. Тіліміздегі көмектес септігінің жалғаулары осы бірлен сөзінен қалыптасқаны белгілі. Өзбек тілінде бұл сөздің білен түрі қолданылады. Айтылған жалғаулар осы сөздегі Л дыбысының қысқаруынан пайда болған. Хаттағы бірле сөзінің көп қолданылуы кітәби тіл дәстүрінің ықпалынан болса керек деп шамалаймыз. Жазба ескерткіште есімдіктің -ҒАН жұрнағы үш сөзде қолданылған (озған, барған, қалған). Бұл –ған жұрнағымен сөйлеу негізінен Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі тұрғындардың сөйленісіне тән екені мәлім. Ал солтустік тараптағы тұрғындардың сөйленісінде осы жұрнақтың орнына –УШЫ жұрнағы қолданылады. Соған қарағанда хат Түркістан қаласында жазылғанға ұқсайды. Жалпы жазба ескерткіштің тілі туралы жеке зерттеу жазуға болады, ал бұл еңбекте түсініктеме беруге қажеттілер ғана сөз етілді.

Шот-Аман Уәлихан мен М.Шафиғи мырзалар мөрдің қалпы мен мәтінін қайта қалыптастыруда үлкен жұмыс жасаған. Бұған Шотағаңның сәулетші-суретшілігінің де көмегі тигені атап өтерлік жағдай деуге болады. Алайда мөрдің мәтінінде де күрделі әріптер қолданылған. Мысалы, бин сөзі Уәли есімінің алдыңғы жанында болуға тиіс еді. Бұның өзгертіліп төменге жазылуына хан мен бин сөздеріндегі Н әрпінің біріктіріліп және Б-ның астындағы нүктенің Х әрпінің үстіндегі нүктемен ортақтастырылып оқылуына лайықталған күрделі графеманың жазылуы себеп болған. Бұндағы Х таңбасы әрі Й, әрі алиф болып оқылуға да сәйкестендірілген. Алиф Х-мен жалғасып тұр, ол кйінгі Н-мен жалғаспайды, сол себептен оның ұшы жіңішке сызықпен Н-ның түбіне ұштастырылған. Бұл оның алифтен кейін оқылуын білдіреді. Сондықтан да Абылай хан тіркесінен соң баһатұр сөзі, содан кейін барып бин сөзі оқылады. Ш.Уәлихан сұлтан сөзіндегі Н-ны жоғарғы ұшқа орналастырыпты, біздіңше ол таңба Т мен А-ның жанына жазылғандай көрінді. Ал мөрдің ұшындағы Н-ның орнында ұзын сызықты Т, Л, А таңбалары орналасқаны байқалады. Олардың үстінде кішкене бос орын бар сияқты. А  жанындағы Н әрпінің белгісін Ш.Уәлиханның өзі де байқап, доғасы аз таңба түсіріпті. Шындығында бұл жеке Н-ның өзі, оның нүктесі де анықтау болып көрініп тұр. Одан жоғарырақ Д әрпінің белгісі де байқалады. Бұған төменгі Н қосылып,  -ДЫН деген шығыс септігінің жалғауы оқылады. Біз бұл анықталған түзетпелерді мөрдің кескініне де енгіздік.

М.Шафиғи уәләнә деп оқыған сөз ұланды болып оқылды. Енді сол туралы қысқаша түсінік бере кетейік. Алғашында бұл сөз йолланды болып оқылған болатын, оның себебі сөзде жазылған бір Л әрпі қосақталып оқылатын шығар деген ойдан туды. Бір дыбыс-әріптің қосақталып оқылуы көне түркі жазба ескерткіштерінде де орын алған заңдылық болып табылады. Бұл қағидаға сәйкес келетін мысал 10 жолдағы йол(л)амалы сөзінен де көрінеді. Бұнда да бір Л жазылған, ол да қосақталып оқылады. Алайда хатта жазылған йыллар сөзіне көңіл аударылған соң, сөздің жазылуына қайта мән беріп тексергенде сөзде бір Л жазылғаны, алдында Й әрпінің жазылмағаны мәлім болды. Сондықтан да жоғарыда келтірілген ұланды сөзіне зер салдық.  Бұның түбірі – ҰЛА етістігі. Бұл сөз көне заманда өте кең қолданылатын сөз болған. Бұл сөздің негізгі мағынасы – жалғау, жалғастыру, байланыстыру мағыналарын білдірген. Тіліміздегі ұлан, ұлақ сөздері де осы түбірден тараған сөздер екені аңғарылады. Яғни, (жас) ұлан сөзі кісінің өмірін келешекке жалғастыратын буын саналса, ылақ (<ұла(н)қ) сөзі де ешкінің тұқымын жалғастыратын тізбегі мәнін білдірген.

Хатта келтірілген ЫЛАУ сөзі де осы түбірден дамыған сөз. Ерте замандағы түркі мемлекеттерінде ұлан-ғайыр аумақты бір-бірімен үздіксіз, жылдам байланыстыру мәселесі ат және ат арба, ат шанаға жүктелген. Дегенмен аттар ұзақ жолға шыдамайтын болған соң белгілі-бір қашықтыққа бекеттер орналастыру да көзделген. Әрбір бекетте зорыққан аттарды ауыстыруға арналған тың аттардың қоры сақталған. Жалпы бұл жүйе ҰЛАНҚ> ҰЛАҚ >ҰЛАҒ >(Ұ)ЫЛАУ аталған. Мағынасы жоғарыда келтірілгендей жалғастыру, байланыстыру болған. Осы қызметке дайындалған аттарды ҰЛАШ АТ (ұланқ// ұланч >ұлаш) деп атаған. Орыс тіліндегі ЛОШАДЬ (ат) сөзіосы сөз тіркесінен туған.Бұл сөздегі О дыбысының сақталуына тіркестегі Ұ дыбысы әсер еткен. Осы лошадь сөзінің тууы туралы болжалданған алаша ат тәрізді бұрынғы этимологиялардың қателігі жоғарыдағы қисыннан соң анық мәлім болады.

Қазақ хандығы тарихындағы Абылай хан кезеңі қазіргі кезде ең жақын, ең танымал кезең болса да, онда да ашылмаған ақиқаттардың барлығы тарихшыларға да, тіпті көпшілік сауатты оқырмандарға да белгілі жайт. Солардың бірі тақырыбымыздың негізі болып отырған Абылай ханның генерал-майор фон барон Деницке хатында айтылған Орта Жүз бен Ұлы Жүз әскерінің қырғыздың оңтүстік тобына шабуылы саналады. Осы тақырып жайындағы ауызша және жазбаша мәліметтер біршама дерлік дәрежеде бар деп айтуға болады. Алайда солардың өзінде шабуылдың нақты датасы анық емес.

ХVІІІ ғасырдағы қазақ-қырғыз қарым-қатынасы туралы зерттеу жазып, монография жариялаған А.Махаеваның (Шанышқылы Бердіқожа батыр.Астана, «Фолиант» баспасы, 2009, 138 б.) айтуына қарағанда Абылай хан қырғызға шабуылды 1765 жылдың 16 қазанында бастаған. Шота Уәлихан да генерал-поручик И.И.Шпрингердің әскери коллегияға, генерал-майор барон фон Деництің сыртқы істер министрлігіне жазған хаттарындағы мәліметке сүйеніп, Абылай хан шабуылы 1765 жылдың қыркүйегі мен қарашасының арасында өткен деп санайды. Ол И.И.Шпрингердің Абылай ханнан хат алғанын, ол хатты старшина Байжігіттің тапсырғанын айтады және хатта айтылатын оқиға туралы былай дейді: «Сұлтан Абылай көптеген старшиналарымен әскерімен бірге қырғыздардың старшинасы Ирдана бекке қарсы соғыс ашпақшы...». Бұл хат И.И.Шпрингерге 1765 жылдың 21 қыркүйегінде тапсырылған.

[caption id="attachment_42484" align="alignleft" width="161"]Мөрдің түпнұсқасы Мөрдің түпнұсқасы[/caption]

Аталған хатта Ердана бекті «қырғыздың старшинасы» деп неге атаған деген ой туатыны сөзсіз. Бұған жауапты қырғыздың тарихына шолу жасап, ой жүгіртсек табатындаймыз. Қырғыздың алғашқы тарихы туралы мәліметті біз Күлтегін жазба ескерткіштерінен (Бекжан О.Д. Түркі күлбізік жазба ескерткіштері тілінің семиотика-семантикалық негіздері. Алматы, «Қазығұрт» баспасы, 2015, 297-304 бб.) білеміз. Онда алдымен бұрынғы өткен бабалардың Түрүк елін нығайту үшін жасаған жанқиярлық еңбектерін сөз ете келе, олардың ішіндегі теріс пиғылды топтардың жеке мүддесі үшін елді аздыруға, бөліп-бүлдіруге ұшыратқанын, соның кесірінен Қапаған қағанның да қазаға ұшырағанын баяндайды. Оның киебейітінің алдына бірінші болып қырғыз қағанының балбалын тіккен. Өйткені қырғыздарға жасаған Түрүк елінің жорығын Қапаған қаған бастап барған еді. Ол туралы ескерткіште былай дейді:

[caption id="attachment_42485" align="alignright" width="115"] Мөрдің Ш. Уәлиханның кейінгі, қайта қалпына келтірген нұсқасы[/caption]

Йоғчы, сығытчы өңіре, күн тұуғысықда, Бөклі чөлліг іл, табғач, түпүт, апар, пұрұм, қырқыз, үч құрықан, отұз татар, қытайн, татабы – бұнча бұдұн келіпен сығтамыс, йоғламыс² (КТү 4).

Аудармасы: Жоқ (жерлеу) рәсімін жасаушы, жоқтаушы, жылап-сықтаушы алдан – күн шығыстан – Бөклі шөліндегі ел, табғаш (қытай), тибет, апар (авар), пұрұм (аурұпа <апұрұпа// (а)пұрұм(а)), қырғыз, үш құрықан, отыз татар,  қытайн, татабы – осынша халық келіп, жылап - сықтаған, жоқ (жерлеу, азалы ас) рәсімін жасаған (жоқтаған).

Йырайа Баз қаған - тоқұз оғұз бұдұны йағы ерміс. Қырқыз, құрықан, отұз татар, қытайн, татабы – қоп йағы ерміс (КТү 14).

[caption id="attachment_42486" align="alignleft" width="112"] Мөрдің біздің тарабымыздан түзетілген бейнесі[/caption]

Аудармасы: Алыста, шетте (солтүстікте) Баз қаған тоғыз оғыз халқы жау болған. Қырғыз, құрықан, отұз татар, қытайн, татабы бәрі түгел жау болған.

Ечім қаған бірле ілгерү – Йашыл өгүз, Шантұң йазыққа тегі сүледіміз, құрығарұ - Темір қапығқа тегі сүледіміз, Көгмен аша қы(рқыз йіріңе тегі сүледіміз) (КТү 17).

Аудармасы: Ағам қағанмен бірге ілгері (шығыста) – Жасыл дариясы, Шантұң жазығына дейін жорық жасадық, кейін қарай (батыста) – Темір қақпаға дейін жорық жасадық,  Көгменнен аса қы(рғыз жеріне дейін жорық жасадық),

“Көгмен йірі-сұубы ідісіз қалмазұн” тійін, ыз, қырқыз бұдұнығ йарат(ып келтіміз, ілін) (КТү 20)

  1. йана біртіміз.

Аудармасы: “Көгмен жері-суы иесіз қалмасын” - деп, ыз, қырғыз халықтарын құр(ып келдік, елін)

  1. қайта бердік.

Ыдұқ Өтүкөн йыш (барығма бардығ. Ілгерү барығма) бардығ. Құрығарұ барығма бардығ. Бардұқ йірде едгүг ол ерінч: қаның сұубча йүгүрті, сүңөкүң тағча йатды, беглік ұры оғлың құл болты, сілік қыз оғлың күң болты! Білмедүк үчүн, (йабанчлықыңын үчүн ечім қаған ұча барды) (КТү 23-25).

  1. Башлайұ қырқыз қағанығ балбал тікдім.

Аудармасы: Барған жердегі тапқан игілігің мынау екен: қаның суша ақты, сүйегің тауша жатты, бекзат ер балаң құл болды, сұлу қыз балаң күң болды! Білмегендігіңнен, (жамандығыңнан ағам қаған (да) қайтыс болды).

  1. (Басын) бастап қырғыз қағанының балбалын қойдым.

 Қапаған қағанның Көгмен (Саян) тауынан тікелей асып, қырғызды жаппай шабуылдап, қағанын өлтіргенін, елін алғанын айтады:

Күлтегін (алты отұз) йашыңа қырқыз тапа сүледіміз. Сүңүг батымы қарығ сөкіпен, Көгмен йышығ тұуға йорып, қырқыз бұдұнығ ұда  басдымыз. Қағанын² бірле Сұңа йышда сүңүшдіміз. Күлтігін Бай арқұн(ың ақ адғырығ) бініп оплайұ тегді. Бір еріг оқұн ұрты, екі еріг ұдышырұ санчды. Ол тегдүкде Бай арқұның  ақ адғырығ ұдлықын² с²ыйұ ұрты. Қырқыз қағанын² өлүртіміз, ілін алтымыз (КТү 34-36).

Аудармасы: Күлтегіннің (жиырма алты) жасында қырғызға қарай жорық жасадықСүңгі бойы қарды бұзып, Көгмен тауынан өте жортыпқырғыз халқын жаппай шабуылдай бастық. Қағанымен Сұңа тауында соғыстық. Күлтегін Бай арқұ(ның (ұлы арғынның) ақ айғырын) мініп омыраулай, опыра тиді. Бір ерін оқпен атты, екі ерін кезекпе-кезек шанышты. Ол шабуылда Бай арқұның ақ айғырының жамбасын сындыра ұрды. Қырғыз қағанын өлтірдік, елін алдық.

Қырғыз елі туралы келтірілген мәліметтердің көпшілігі VІІІ ғасырдағы Түрүк қағандығының түркі қанды тайпаларды бір ту астына біріктіру негізіндегі жорықтары туралы болатын. Күлтегін мен Тойнұқұқ жазбаларындағы шайқас та қырғызға қатысты бір ғана жорықтың оқиғасы еді. Күлтегін үлкен жазуындағы төртінші жолда Боджман (Бумын) (Бекжан О.Д. Күлтегін жазба ескерткішінің жаңа қырлары. Түркістан, «Мырза» баспасы, 2016, 63 б.)қағанның жоқтау рәсіміне қырғыз халқынан да жоқтаушылар келгені айтылады. Сонда қырғыз туралы мәлімет алғашқы Түрүк қағанаты құрылған 553 жылдан басталғаны мәлім болады. Боджман қағанның тегі құнқтан (>хұн// қоңырат) таратылғаны анық болса, онда Түрүк қағанаты да қазақ ұлтына тән мемлекет болып шығады. Бұдан қырғыздың жалпы түркілік (// қазақтық) қоғамға бірігуден қашқақтап, өз алдына тұйықталуға бет бұруы ерте дәуірден басталғанын көреміз.

Бұлардан басқа қырғыз туралы мәлімет ХІ ғасырдағы М.Қашқаридың (Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993, 7; 10 бб.)еңбегінде келтіріледі. Онда орналасуына қарай қырғыздардың Шынға (Қытайға) жақын жайғасқаны айтылса, тілінің таза түркі тіліне жататындығы туралы былай дейді: «Қырқыз, қыпшақ, оғыз, тохси, яғма, чігіл, оғрақ, жарұқ тайпалары тек түркі тілімен ғана сөйлейді» (Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993,11 б.). Бұған қарағанда М.Қашқаридың суреттеп отырған дәуірі қырғыздың қалмақпен (қытайн> қидан) этностық-тілдік қарымға (Этносаралық қарым негізіндегі түркі тілдерінің таптастырымы. // «Профессор Ә.Құрышжанұлы және түркі дүниесі: тіл, тарих, руханият» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы, 2015, 27 қараша, 118-122 бб.) түспеген кезі екенін анық аңғартады. Егер қырғыз тілінде қазіргідей бірыңғай еріндік сингармонизм болған болса, М.Қашқари оны міндетті түрде түркі тілдерінің ерекшелігі ретінде көрсеткен болар еді. Бірыңғай еріндік сингармонизм көне түркі жазба ескерткіштерінде де болған емес. Сондықтан қырғыз халық-тіліндегі қытайн-қалмақтық этностық-тілдік қарымға түсу үдерісі қырғыздардың қытайн-қалмақтық Лиау мемлекетінің (Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. Алматы, «Білім» баспасы, 1996, 136 б.)қарамағына өткеннен кейін болған деп санаймыз.

Алғашқы Лиау патшалығы (907-1125) (Қазақтың көне тарихы. Алматы, «Жалын» баспасы, 1993, 150 б.) Қытай мемлекетінің солтүстігіндегі Уссури өлкесінде жасайтын көшпелі тайпалардың құрған мемлекеті болды. Оны құрған Ансбаган деген көсем қол астындағы тайпаларды біріктіріп, Қытайдың солтүстігіндегі көп жерді өзіне қаратып, Иужоу қаласын орталық еткен. Қырғыздардың қытайн-қалмақпен араласуы осы дәуірде өткені даусыз деуге болады. Бұдан соң Шыңғыс ханның түркілік империясының құрамында болып, бір бөлегі қалмақтық бурят аталса, екінші бөлігі қазіргі Хакас Республикасының негізін құраған, ал қалған үшінші бөлігі Шығыс Түркістан мен қазіргі Қырғыз Республикасының аумағына қоныс тебеді. Бұлардың қытайн-қалмақпен этностық тұрғыда өркенді түрде араласуы алғашқы Жоңғар мелекетінің құрамындағы кезеңде өткен деп болжаймыз.

Қырғыздар ХVІІІ ғасырда жоңғар-қалмақпен келісіп ауыз жаласып Ташкент қаласы және одан бергі Түркістан-Шаянға (Әбдәкімұлы М. Ақтаңдақтар ақиқаты // Жалын, 2014, № 2, 63 б.)дейінгі аумақты қолында ұстап қалуға жанталасқан екен. Қазаққа жау Қоқанның Ирдана деген бегімен де қазаққа қарсы күш біріктіріп шабуыл жасауға келісім жасайды. Сөйтіп олар Ташкентке шабуыл жасап, оны басқарып тұрған Төле бидің баласы Қожамжарды қуып шығарып, қаланы басып алады. Абылай хан Түркістанның әкімі Әділбекке Қожамжарға көмек беруін сұрап хабар жібереді. Әділбек Абылайдың хатын жаушылардың көзінше жыртып тастап, бұдан былай Түркістанның дербес екенін, Абылай ханға енді қайтып бағынбайтынын (Әбдәкімұлы М. Ақтаңдақтар ақиқаты // Жалын, 2014, № 2, 64 б.)айтады. Осыны естіген Абылай хан алдымен Түркістан әкімін, содан соң қырғыз-қоқан басқыншыларын тәртіпке келтіру үшін жорыққа шығады. Бұл қырғыздардан «ақ үйлі аманат» алған оқиға 1765 жылдың күзінде, 21 қыркүйек пен 16 қараша аралығында болған деген де болжам бар.

Дегенмен тарихи мәліметтерде қырғызды райынан қайтару мәселесі 1766 жылда да жалғасқан. А.Махаеваның (Шанышқылы Бердіқожа батыр.Астана, «Фолиант» баспасы, 2009, 138 б.)тарихи мәліметке сүйеніп айтуы бойынша Абылайдың «ақ үйлі аманат» алуы 1766 жылы жазда болған. Бұған қарағанда Абылайдың хаты да осы жылы жазылған деп тұжырымдауға болады.

 Орынбай БЕКЖАН,

Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Түркология ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымының кандидаты

1404 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз